Талдықорған: +20°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Бүгін, 10:05
ӘЛЕУМЕТ
Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің өңірлерінде халықтың тұрмыс сапасын арттыру, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында соңғы аптада бірталай стратегиялық нысандар пайдалануға беріліп, жаңа жобалардың құрылысы басталды. Бурабай курорттық аймағында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында ауданы 12.8 мың шаршы метр болатын халықаралық деңгейдегі көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Жаңа жоба іскерлік туризмді дамытуға, маусымаралық кезеңде қонақтар ағынын арттыруға және өңірлік экономиканы қолдауға бағытталған. Аталған бастама шағын және орта бизнестің, қызмет көрсету саласының, қоғамдық тамақтану мен көлік инфрақұрылымының дамуына серпін береді. Мұндай оң өзгерістер жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті кәсіпкерлерге инвестиция тартуға жол ашады.

Білім беру мен демалыс саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. Көкшетауда апатты ғимараттың орнына 120 оқушыға арналған заманауи мектеп ашылды. Ғимаратта 11 оқу кабинеті, шеберханалар, кітапхана, медблок, акт және спорт залдары жабдықталған. Сонымен қатар Ақмола облысының Макинск қаласында аумағы 33.7 мың шаршы метр болатын мәдениет және демалыс саябағы пайдалануға берілді. Саябақта балалар мен спорт алаңдары, жүгіру жолдары, амфитеатр қарастырылған. Көлік инфрақұрылымы бойынша Президент бастамашылық еткен 124 вокзалды жаңғырту бағдарламасы аясында Жетісу облысында Жайпақ және Сарыөзек теміржол стансаларын реконструкциялау аяқталды. Жолаушылар үшін жайлы жағдай жасалып, қауіпсіздік талаптары күшейтілді.

Инженерлік және цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Жетісу облысында төрт елді мекен – Әулиеағаш, Ақжазық, Аққұдық және Шолақай ауылдары табиғи газға қосылды. Бұрын көмір мен ағаш жағып келген 9 мыңға жуық ауыл тұрғыны көгілдір отынның игілігін көруде. Қазіргі таңда еліміз бойынша газдандыру деңгейі 64.2 пайызға жетіп, 13.1 млн адам табиғи газбен қамтылды. Жоспар бойынша 2035 жылға қарай көрсеткіш 80 пайызға жетеді. Цифрландыру бағытында Қарағандыда жасанды интеллект сервистері интеграцияланған жаңа форматтағы цифрлық AI-кеңсе ашылды. Мұнда азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде өз бетінше алу тегін үйретіледі.

Тұрғын үй қорын бөлу бағдарламасы бойынша Шымкентте, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарында әлеуметтік осал санаттағы 136 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды. Сонымен бірге Алматыда өрт сөндіру бөлімінің жанында орналасқан «Құтқарушылар үйі» кешенінен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне жиһазбен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған қызметтік пәтерлер берілді. Мұндай жүйелі шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттырып, өңірлердің тұрақты дамуына берік негіз қалайды.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Бүгін, 10:05
Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Бүгін, 09:30
Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Бүгін, 09:28
Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Бүгін, 09:25
Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Бүгін, 09:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.