Талдықорған: +16°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Экономика тірегі

Бүгін, 16:06
КҮНДЕРЕК
Экономика тірегі

dknews

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше назар аударылуы – еліміздің аграрлық секторын жаңа деңгейге көтерудегі маңызды қадамдардың бірі.

Президент Жолдауында ауыл шаруашылығының одан әрі қарқынды дамуына күш-жігер жұмсау қажеттігін атап өтіп, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, шаруаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру, өндірісті технологиялық жаңғырту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелеріне тоқталды. Әсіресе, фермерлерге ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстар ұсыну жөніндегі тапсырманың маңызы зор. Себебі ауыл шаруашылығында тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін шаруаларға тек маусымдық қаржыландыру ғана емес, өндірісті кеңейтуге, жаңа техника алуға, заманауи жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолжетімді қаржы қажет. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлап, өндірістік әлеуетін арттыруына жол ашады. Сонымен бірге отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін ұлғайту, ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелері де өзекті. Мұндай жаңашылдықтар еңбек өнімділігін арттырып, өндіріс шығындарын азайтуға, жер мен су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жолдауда суармалы егіншілікті дамытуға, жаңа жер алқаптарын игеруге және су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануға да ерекше мән берілген. Бұл бағыт Жетісу облысы үшін айрықша маңызды. Аймағымызың табиғи-климаттық ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, су ресурстарын тиімді пайдалану, егіс алқаптарының өнімділігін арттыру және заманауи агротехнологияларды енгізу жұмыстарын жүйелі түрде дамыту қажет.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселесі де назар аударуға тұрарлық. Өнімді тек шикізат күйінде өткізу емес, оны өңдеп, дайын тауар ретінде нарыққа шығару – қосылған құнды арттырудың маңызды жолы. Бұл бағытта тағам өнеркәсібін дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды міндеттердің бірі саналады. Мал шаруашылығында заманауи технологияларды пайдалану, тауарлы-сүт фермалары мен ет кластерлерін дамыту, мал өнімділігін арттыру да ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына негіз болады. Сонымен бірге өндірілген өнімді сақтау, тасымалдау және өткізу жүйесін жетілдіру, агрологистикалық орталықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету шаруалардың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер ауыл шаруашылығын тек өнім өндіретін сала ретінде емес, заманауи технологияларға негізделген, инвестициялық әлеуеті жоғары және экономиканың маңызды қозғаушы күшіне айналатын бағыт ретінде дамытуға арналған. Аталған тапсырмаларды жүйелі түрде жүзеге асыру ауылдық жерлердің экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға оң ықпал етеді. Біздің алдымызда тұрған басты міндет – Жолдауда белгіленген басым бағыттарды нақты іспен жүзеге асырып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесімізді қосу. Өйткені ауыл шаруашылығының өркендеуі – ауылдың дамуы, ал ауылдың дамуы – еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатының маңызды негізі.

Данияр ЫСҚАҚ,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Қатысты жаңалықтар

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50
Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын төлемесе, не істеу керек?

Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын төлемесе, не істеу керек?

Бүгін, 16:41
Экономика тірегі

Экономика тірегі

Бүгін, 16:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.