Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

10 қараша 2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, халықты қолдау шараларының тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытында маңызды жобалар іске асырылып жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Елімізде 2023 жылдан бастап жемісті жұмыс істеп келе жатқан Отбасының цифрлық картасы мемлекетке әрбір отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, тиісті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ақпараттық жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтып отыр. Интеграцияланған дербес деректер базасы 30 цифрлық жүйедегі мәліметтерді пайдалана отырып, қажетті ақпараттарды автоматты түрде жинақтайды. Мұндай цифрлық сауаттылықты талап ететін заманауи тәсіл қағазбастылықты азайтып, әлеуметтік көмектің ашықтығын қамтамасыз етуге зор ықпал етеді.

Мамандардың түсіндіруінше, Отбасының цифрлық картасы азаматтардың тұрмыс сапасын екі негізгі бағыт бойынша бағалайды. Олар – материалдық әл-ауқат пен нақты өмірлік жағдайлар. Материалдық әл-ауқатты анықтау кезінде отбасының активтері, атап айтқанда, тұрғын үй, автокөлік, жер учаскесі және коммерциялық жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы, кәсіпкерлік қызметке қатысуы, сондай-ақ кредиттік жүктемесі жан-жақты ескеріледі. Бұл ретте мүліктің тек бар болуы ғана емес, оның сапалық сипаттамалары да маңызды рөл атқарады. Себебі жалғыз пәтердің, ескі автокөліктің немесе шағын жер телімінің болуы отбасының толықтай ауқатты екенін білдірмейді.

Сонымен қатар жүйе отбасы мүшелерінің жасын, балалар санын, мүгедектігі бар және созылмалы ауруларға шалдыққан жандардың болуын терең талдайды. Мысалы, екі отбасының айлық табысы 150-200 мың теңге көлемінде бірдей болғанымен, олардың тұрмыс жағдайы мүлдем екі түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайда бір отбасында ата-ананың екеуі де жұмыс істесе, екіншісінде барлық отбасы мүшелерін жалғыз адам асырап отыруы ықтимал. Оның үстіне кішкентай балалар немесе қосымша күтімді талап ететін жандардың болуы әлеуметтік деңгейді анықтауға тікелей ықпал етеді. Сондықтан цифрлық жүйе тек табысты ғана емес, отбасы құрамы мен өмірлік мән-жайларды толық назарға алады.

Жинақталған мәліметтер негізінде азаматтардың әл-ауқат деңгейі беске бөлінеді: жоғары, ауқатты, қанағаттанарлық, экономикалық осал немесе экономикалық және әлеуметтік осал санаттары. Мұндай сараптамалық бағалау цифрлық жүйелерден түсетін жаңартылған мәліметтер арқылы тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Цифрлық картаның басты мақсаты – мұқтаж отбасыларға өтініш жазбай-ақ, проактивті форматта әлеуметтік қолдау ұсыну. Электрондық үкімет платформалары арқылы автоматты түрде көрсетілетін қызметтер халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, әлеуметтік әділдікті орнатуға берік негіз қалайды.

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.