Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
КҮНДЕРЕК
Қаратал жұмысы қарқынды

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданы экономикасында оң динамика байқалады; жетекші салаларда өсім бар. Инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте аудан әкімі Ұлан Досымбеков мәлімдеді.

Аудан басшысының айтуынша, жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсімі 101, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 105,3, инвестиция тарту көрсеткіші 131, құрылыс жұмыстарының көлемі 161,3 пайызды құрайды деп күтілуде.

Жыл соңына дейін 19,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

«Соңғы үш жылда ауданымызға 64,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 37,5 млрд теңгесі бюджет қаражаты болса, 26,7 млрд теңгесі жеке инвестиция үлесі. Биыл инвестиция көлемін 30 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ал 2026-2031 жылдар аралығында жалпы құны 24 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 400-ден астам жұмыс орнын ашу көзделген», – деді Ұлан Досымбеков.

Алдағы үш жылда жалпы құны 110,7 млрд теңге болатын 2 ірі жобаны іске асыру жоспарда тұр. Оның бірі – қуаты 250 МВт жел электр стансысын салу болса, екіншісі – сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыт құрылысы.

Бүгінде ауданның суармалы егістік көлемі 22,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 1528 гектарға қант қызылшасы егілген. Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары да жалғасуда. Биыл қосымша 1270 гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері орнатылып, жалпы көрсеткіш 3178 гектарға жеткен.

Аудан әкімі жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытында соңғы төрт жылда мемлекет меншігіне 119 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер қайтарылғанын атап өтті. Оның 31,8 мың гектары биылғы жылдың еншісінде. Сонымен қатар конкурс арқылы шаруаларға 57 мың гектардан астам жер берілген.

«Халықты баспанамен қамту бағытында биыл 100 жеке тұрғын үй сатып алуды жоспарладық. Қазіргі уақытта оның 81-і сатып алынды. Сонымен бірге 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жаңадан салынған 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, пәтер кезегінде тұрған азаматтарға ұсынылуда», – деді аудан басшысы.

Газдандыру мәселесіне де басымдық берілген. Аудандағы 27 елді мекеннің 19-ы табиғи газға қосылған. 2027 жылы тағы сегіз елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда газға қосылуға жататын 9678 абоненттің 3790-ы көгілдір отынға қосылған.

Жол жөндеу жұмыстарының ауқымы кең. Биыл Үштөбе қаласындағы 23 көшенің 32,8 шақырым жолын орташа жөндеуге қаражат бөлініп, бірқатар көшеге асфальт төселді. Қалған көшелерде жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, Үштөбе теміржол вокзалы жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Білім, мәдениет және спорт салалары да жоспарға сай дамуда екенін жеткізді сипкер.

 «Ауданымызда тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау көрсету және ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері 1278 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 440 азамат электронды еңбек биржасы арқылы тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар жаңа бизнес-идеяларды қолдау мақсатында сегіз азаматқа мемлекеттік грант берілді», – деді Ұлан Досымбеков.

Әкімшілік тарапынан ауданның әл-ауқатын көтеруге, тұрғындардың жайлы өміріне арналған жұмыстары қарқынды. Дегенмен аудан халқын толғандыратын мәселе жоқ емес. Қордаланған сұрақтарға жиын соңында әкім қысқа әрі нақты жауап беріп өтті.

Атап айтсақ, «Тоқаев мектебінің базасында балабақша ашу жоспарда бар ма?» деген сауалға аудан әкімі «Жоспарда жоқ» деп жауап берсе,  Бастөбе ауылына аялдама салу, Үштөбе қаласындағы Линейная және Байсақов көшесін жаңғырту, жолды тегістеу және инертті материалдармен жабу жұмыстары жүргізілетінін де айрықша атап өтті.

Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.