Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек
WhatsAppTelegramFacebook

«Әділет» партиясы Жетісу өңірінде 2031 жылға дейін 9 инвестициялық жобаны іске асырмақ. Мұнан бөлек, партиянының сайлауалды бағдарламасында су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңғырту, суармалы жерлердің көлемін кеңейту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуге басымдықтар берілген. Осындай ойды «Әділет» партиясының үгіт-насихатшылары Қаратал ауданындағы сапары барысында «Бақыт-Қаратал» серіктестігінің еңбеккерлерімен кездесуде сөз етті.

Ауданда ауыл шаруашылығын жандандырып отырған серіктестіктегі кездесуге Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Амангелді Есбай, Біржан Құмаров, Диас Инкибаев және Бекет Бласов барып, спикерлер 2031 жылға дейін саяси ұйым жүзеге асыратын бастамаларға тоқталды. Әуелі мінберге көтерілген Амангелді Есбай ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуға жасалатын қадамдарды баян етті. Айтуынша, елді мекендердегі кәсіпкерлікті ілгерілендіруге «Ауыл аманаты» бағдарламасы септеспек. Партия 2029 жылға дейін ауыл тұрғындарының 648 кәсіпкерлік жобасын іске асырмақ.

Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлеміз. Суармалы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін суды үнемдейтін заманауи технологияларды енгізіп, оларды қолданатын алқаптарды 2031 жылға қарай 175,2 мың гектарға дейін ұлғайтамыз. 74,6 мың гектар суармалы жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізіп, қосымша 3,2 мың гектар жерді айналымға тартамыз. Су шаруашылығы саласында 1 жаңа нысан салып, 12 каналды реконструкциялаймыз, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту деңгейін 50%-ға жеткіземіз, – деді спикер.

Ал, Біржан Құмаров «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 3,3 пайыздан 4 пайызға дейін арттыру, кәсіпкерлердің 200-ден астам жобасына мемлекеттік қолдау көрсету сынды басымдықтарына тоқталды.

Өз кезегінде Бекет Бласовтың сөзіне сенсек, сайлауалды бағдарлама халықтың өмір сапасын арттыруға, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға және тұруға, еңбек етуге әрі өзін-өзі жүзеге асыруға арналған заманауи, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған облысты жүйелі дамытудың бағдары.

Келелі кездесуде қатысушылар партия бағдарламасындағы басымдықтарды қолдайтынын, әділетті және өркендеген қоғам құруға бірлесе атсалысатынын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.