Бастөбе мен Ортөбенің дамуы – нақты іспен, ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді.
Құрметті сайлаушылар!
Мен, 1974 жылғы 1 тамызда Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы Қаратал ауданының Бастөбе ауылында тұрамын.
1991 жылы Бақанас ауылындағы Т. Байғұатов атындағы №1 орта мектепті, 1996 жылы Алматы қаласындағы Политехникалық колледжді бітірдім. 2008 жылы Тараз мемлекеттік университетінің инженерлік-экономикалық факультетін «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша тәмамдадым.
1992-1994 жылдары Шекара қызметінде мерзімді әскери борышымды өтедім. Еңбек жолымды 2000 жылы бастап, 2000-2004 жылдары Қаратал ауданындағы «Сәкен» шаруа қожалығында бригадир, 2004-2005 жылдары «Қараталирригация» МКК-да су бақылаушысы болып жұмыс істедім.
2005-2013 жылдары Үштөбе қаласындағы №30 бөлімшеде Төтенше жағдайлар қызметінің авариялық-құтқару және өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі қызметін атқардым. 2013–2016 жылдары «Қазсушар» РМК Алматы филиалының Қаратал өндірістік учаскесінде инженер-гидротехник, 2016–2019 жылдары учаске бастығының орынбасары болдым. 2019 жылдан бастап Қаратал өндірістік учаскесінің бастығы қызметін атқарып келемін.
Жылдар бойы жинақтаған кәсіби тәжірибем жауапкершілікке, тәртіпке және ел игілігі үшін адал еңбек етуге үйретті.
Басты мақсатым – аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету, халықпен ашық диалог орнату және туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Мен үшін ең маңыздысы – нақты нәтижеге бағытталған жұмыс пен халық сенімін ақтау.
Құрметпен, Өмірбаев Бақытжан
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Бастөбе ауылындағы Комаров көшесінің (0,506 км) және Айманов көшесінің (0,537 км) орташа жөндеу жұмыстарын 2027 жылы жүргізу мәселесін жүйелі түрде көтеремін. Жол сапасын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз етуге және жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуына назар аударамын.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Бастөбе ауылындағы Юна және Шавров көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін бақылауда ұстаймын. Жол жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуына назар аударып, ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту бойынша тұрғындардың ұсыныстарын тиісті органдарға жеткіземін.
Әр ауылдың өркендеуі – жүйелі жұмыс пен нақты нәтижеден басталады.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Бастөбе ауылдық округінде 2026-2029 жылдары микрокредиттеу және лизинг бойынша жобаларды жүзеге асыруға ықпал етемін. Жобалар санын кезең-кезеңімен арттыру арқылы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға назар аударамын.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Қаратал ауданында су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы суармалы суды үнемдеу көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етемін. Жоспарлы көрсеткіштер: 326 млн м³, 728 млн м³, 1 100 млн м³ және 1 428 млн м³. Су ресурстарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығын дамытуға назар аударамын.
5. ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Бастөбе ауылдық округінде 2027-2032 жылдары жұмыспен қамтылған азаматтар санын арттыруға, оның ішінде жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етемін. Жоспарлы көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту санын 121 адам деңгейінде қамтамасыз етуге, ал жастарды жұмыспен қамту көрсеткіштерін 98 адам деңгейінде орындауға назар аударамын.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту және тұрғындардың білікті дәрігерлік көмек алу мүмкіндігін кеңейту мәселелерін көтеремін. Денсаулық сақтау саласындағы жоспарланған жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуына назар аударамын.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Қаратал ауданы мектептерін физика, химия, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға ықпал етемін. Заманауи оқу кабинеттерімен қамтылған мектептердің үлесін 85%-ға дейін арттыруға және білім сапасын жақсартуға назар аударамын.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Бастөбе ауылдық округінде 2027-2031 жылдары пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңын 1,6-дан 2,1-ге дейін ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде көтеремін. Тұрғын үй құрылысын дамытуға және халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға назар аударамын.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Бастөбе ауылдық округінде интернет желісіне қолжетімділікті 97%-дан 100%-ға дейін арттыру, тұрғындарды сапалы интернетпен қамту және цифрлық қызметтерге қолжетімділікті жақсарту мәселесін жүйелі түрде көтеремін.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА
Ортатөбе және Бастөбе ауылдарында 2029 жылы әрқайсысы 2 000 м² аумақта саябақ салу жұмыстарын жүзеге асыруды жүйелі түрде көтеремін. Ауыл тұрғындарына қолайлы демалыс орындарын құруға және елді мекендердің көркін жақсартуға назар аударамын.
Ауыл үшін еңбек – ел үшін қызмет!
Нақты іс. Ашық жұмыс. Ортақ нәтиже!
Тапсырыс беруші: Өмірбаев Бақытжан
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді







