Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы.  Бірмандатты сайлау округі № 7.

 

«Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі. Ауылды дамыту – баршамызға ортақ міндет»

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Құрманғалиев Айдын Талғатұлы, 1992 жылы Ескелді ауданының Қоңыр ауылында дүниеге келдім. Жоғары білімдімін, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарын тәмамдадым.

2017 жылдан бері Ескелді ауданында спорт саласында еңбек етіп келемін. Қазіргі уақытта «Әділет» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасымын. Балалар мен жастарды спортқа баулу, бұқаралық спортты дамыту және қоғамдық жұмыстарда тәжірибем бар.

Мен үшін ауылдың дамуы – халықтың әл-ауқаты, балалардың сапалы білім алуы, жастарға мүмкіндік жасау және тұрғындардың тұрақты табысын арттыру. Қоңыр және Ақын Сара ауылдық округтеріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуге және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын.

Басты ұстанымым – халыққа жақын болу, уәдеге жауапкершілікпен қарау және туған жер үшін нақты жұмыс істеу.

 Құрметпен Құрманғалиев Айдын

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Қоңыр және Көктөбе ауылдарында жол сапасын жақсартуға, А. Молдағұлова және Достық көшелерін жөндеу мен жарықтандыруға, Ақын Сара ауылындағы Б. Момышұлы, Н. Тілендиев және Ш. Айманов көшелерінің жалпы ұзындығы 3,6 км учаскесіне асфальт төсеуге, Бөгенбай көшесінің 2 км 535 метр бөлігін жарықтандыруға, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыруға және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етемін.

2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Алмалы ауылында 9,5 км электр желісін салуға, елді мекендерді сапалы ауызсумен және газбен қамтуға, аудандық жолдардың жағдайын жақсартуға ықпал етемін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ

«Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін ауыл тұрғындарына барынша қолжетімді етуге ықпал етемін.
• Жеңілдетілген несие алуға тұрғындарға қолдау көрсету;
• Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын дамытуға ықпал ету;
• Отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 19,2 мың гектарға жеткізуге, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және саланың тиімділігін арттыруға атсалысамын.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ

Аудан көлемінде 1 260 жаңа жұмыс орнын ашуға, 3000 жуық адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға және жастардың тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал етемін.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Медициналық нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және білікті медицина кадрларын тартуға ықпал етемін. Қарттарға, көпбалалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейтуге атсалысамын.

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Ш.Уәлиханов және Жаңалық мектептерін күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етемін. Сонымен қоса Қоңыр ауылындағы мектепте STEM кабинетін жабдықтауға және мектепке әдістемелік қолдау көрсетуге ықпал етемін. Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы орын санын арттыруға, балаларды спортпен қамтуға және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға атсалысамын.

8. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауданның шалғай елді мекендерінде ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, тұрғындардың тұрақты әрі қолжетімді байланыспен қамтамасыз етілуіне ықпал етемін.

9. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Аудан көлемінде елді мекендерді абаттандыруға, көгалдандыруға, 7,51 мың көшет отырғызуға және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу көлемін арттыруға ықпал етемін.

Халықтың үні – менің басты бағдарым!
Сеніміңізді ақтау – менің міндетім!
Ауданының өркендеуі – ортақ мақсатымыз!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.

Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.

«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 7 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.

Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.

Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

 Әділдік – басты қағидатым. Әрбір азаматтың құқығы мен заңды мүддесін қорғау, барлық елді мекеннің дамуына тең көңіл бөлу.

Нақты іс – басты нәтиже. Жол, ауызсу, жарықтандыру, абаттандыру және сапалы интернет мәселелерін шешуге ықпал ету.

Еңбек адамына қолдау. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға атсалысу.

Жастарға мүмкіндік. Сапалы білім, жұмыспен қамту және жастардың кәсіби дамуы мәселелерін қолдау.

Ашықтық пен жауапкершілік. Халықпен тұрақты байланыста болып, азаматтардың өтініштерін назарға алу және нақты нәтижеге жұмыс істеу.

Мақсатым – халық сенімін ақтап, ел игілігі үшін адал еңбек ету!

                                  Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

 

Тапсырыс беруші: Құрманғалиев Айдын Талғатұлы.

Қаражат кандидаттың Ескелді  аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.