Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

20 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды
WhatsAppTelegramFacebook

Павлодарда өткен республикалық форумда кәсіподақтар еңбек құқығы мен әлеуметтік қорғауға қатысты 25 бастаманы Қазақстан Халық Кеңесіне табыстады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.

19 қарашада Павлодарда «Еңбек адамы – Ел бірлігінің тірегі» атты кәсіподақтар форумы өтті. Жиынға Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов, облыс әкімі Асайын Байханов, сондай-ақ салалық бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Форумда «Еңбек адамының үні» құжаты таныстырылды. Бастамалар бес бағытқа бөлінген: әділ табыс пен әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі, еңбек ететін отбасының әл-ауқаты, технологиялық өзгерістер кезіндегі жұмыспен қамту және қоғамдық өмірге қатысу. Кәсіподақтар 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге өсіру шешімін қолдап, нақты табыстың тұрақты артуына басымдық беруді ұсынды.

Өндіріс пен цифрландыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Сала өкілдері жалақыны инфляцияға сай жыл сайын индексациялауды, жасанды интеллект енгізілгенде қызметкерлерді қайта оқыту мен жұмыс орнын сақтауды, демалыс уақытында байланыстан ажырау құқығын және техникалық инспекторлардың өкілеттігін күшейтуді көтерді. Бюджет саласында тәлімгерлік үшін лауазымдық жалақының кемінде 20-25 пайызы көлемінде үстемақы белгілеу, ал моноқалаларда жас мамандарға баспана қолдауын кеңейту бастамалары айтылды. Кәсіби аурулардың алдын алу үшін келесі жылы медициналық жабдыққа 1 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып, өңірлерде филиалдар ашу жоспарланған.

Кездесу қорытындысында бастамаларды пысықтау үшін Халық Кеңесі жанынан «Еңбек дауысы» жұмыс тобын құру ұсынылды. Құжаттағы ұсыныстар үшжақты комиссиялар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен қаралмақ.

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.