Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мукашев Самат Саметұлы

20 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мукашев Самат Саметұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат МУКАШЕВ САМАТ САМЕТҰЛЫ. №13 бірмандатты сайлау учаскесі. 

«Ауылдың дамуы – бүкіл елдің, бүкіл Қазақстанның дамуы».

 

2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Мукашев Самат Саметұлы, Көлбай ауылында дүниеге келдім. Мамандығым бойынша заңгермін. Балалық шағым ауылда өтіп, жастайымнан еңбекке араластым. Ата-анама ауыл шаруашылығы жұмыстарында көмектесіп, қарапайым еңбек адамының тұрмысын, ауыл өмірінің ерекшеліктері мен қиындықтарын жақсы таныдым.

Алматы қаласындағы арнайы жасақта қызмет атқардым. Одан кейінгі еңбек жолым өндіріс, басқару және құрылыс салаларымен тығыз байланысты болды. Құрылыс компаниясын басқарған жылдары Талдықорған қаласындағы спорт нысандарының құрылысына қатыстым. 2014 жылы жеке құрылыс компаниямды құрып, түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен айналыстым.

2019 жылдан бастап отбасыммен бірге ауыл шаруашылығына бет бұрып, егін және мал шаруашылығымен айналысып келемін. Көпжылдық еңбек тәжірибем маған ауыл тұрғындарының күнделікті қажеттіліктерін, шаруалардың мәселелерін және жергілікті кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Мен үшін туған жерге қызмет ету – үлкен жауапкершілік. Ауылдың дамуы, тұрғындардың әл-ауқаты, жастардың болашағы және еңбек адамдарының мүддесі әрдайым назарда болуы тиіс деп есептеймін.

Жинаған тәжірибем мен білімімді ауданның дамуына бағыттап, тұрғындарды толғандыратын мәселелердің шешілуіне өз өкілеттігім шеңберінде атсалысуды мақсат етемін.

Халықпен ашық байланыс орнатып, әрбір ұсынысқа жауапкершілікпен қарау – менің басты ұстанымым. Ауданның болашағына қатысты мәселелерді тұрғындармен бірге талқылап, нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуді маңызды деп санаймын.

Құрметпен Мукашев Самат Сәметұлы

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1.ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Қауіпті жол учаскелеріне жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуға, Көлбай ауылындағы Амангелді көшесінің 1,3 км жолын жөндеуге ықпал етемін. Жол жөндеу сапасына қоғамдық бақылау жүргізіп, қыс мезгілінде жолдардың уақтылы тазаланып, қауіпсіз күтіп-ұсталуына назар аударамын.

2.СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауыз су сапасын бақылау, су желілерін жөндеу, газдандыру жұмыстарын жандандыру және Қызылқайың, Көлбай, Әлемді ауылдарындағы жарық жүргізілмеген көшелерді электрмен жабдықтау мәселелерін ілгерілету.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы және басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы Қолбай ауылдық округі тұрғындарының жеңілдетілген несие алуына жәрдемдесемін. 2026–2029 жылдары микрокредит пен лизинг арқылы 12 кәсіпкерлік жобаның жүзеге асуына, шағын бизнестің дамуына және 12 жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етемін.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Фермерлер мен жеке шаруашылықтардың мәселелері бойынша, жайылымдық жерлерді электрондық картаға еңгізу және ветеринариялық қызметте ірі қара, жылқы малдарын чиптеу жұмыстарын жүргізу арқылы саланы цифрландыру. 2027 жылы лизингке ауылшаруашылық техникаларын (1 комбайн, 1 қызылща өңдеу техникасын, 2 МТЗ көлігін) алуға қол жеткізу.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Шағын бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуіне, медициналық пункттердің жағдайын жақсартуға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Білікті медицина мамандарын тарту мәселесін көтеру. Көлбай ауылында спорт кешенін салу мәселесіне жұмыстар атқару.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға және интернет сапасын арттыруға ықпал ету. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын дамытуға, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару. Көлбай ауылында демеушілердің көмегімен балалардың ойын алаңын салу.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін назарға алып, балаларды қолдау бастамаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауылда мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, байланыс қамту аясын кеңейтуге және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелері бойынша әр көшеге қоқыс жәшіктерін қоюды қолға алу. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – мен үшін жауапкершілік!
Әр шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

 

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Туған жердің өркендеуі – әрқайсымыз үшін маңызды ортақ міндет. Ауданымыздың болашағы бүгінгі қабылданатын шешімдерге, бірлескен еңбегімізге және нақты істерге байланысты.

Мен үшін ең бастысы – тұрғындардың күнделікті өміріне әсер ететін мәселелердің назардан тыс қалмауы. Әрбір ауылдың өз қажеттілігі, әрбір отбасының өзекті мәселелері бар. Сондықтан ауданның дамуы халықтың нақты сұраныстары мен ұсыныстарына негізделуі тиіс.

Алдағы уақытта жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға және ауданның экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған бастамаларға ерекше көңіл бөлуді маңызды деп санаймын.

Менің мақсатым – халықтың пікіріне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешілуіне депутаттық өкілеттігім шеңберінде ықпал ету және атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беру.

МЕНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫМ

Адалдық, ашықтық және жауапкершілік – менің жұмысымның басты қағидаттары.

Әрбір қабылданған шешім халықтың мүддесіне сай болып, нақты нәтижеге бағытталуы тиіс.

Тұрғындармен тұрақты байланыс орнату, олардың ұсыныстарын ескеру және өзекті мәселелерді әділ қарау – мен үшін маңызды міндет.

Мен бос уәделерден гөрі нақты іске, жеке мүддеден гөрі қоғам игілігіне басымдық беремін.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Тапсырыс беруші: Мукашев С.С.
Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.