Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінің аумағында облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Саудаға Талдықорған мен Текелі қалаларынан және облыстың сегіз ауданынан келген өндірушілер қатысты.
Жәрмеңкеде ет, сүт, шұжық және балықөнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік жәнежануар майлары, көкөніс, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар мен басқа да азық-түліктүрі қойылоды. Жалпы ассортименттеөнімнің 54 атауы болды. Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, жәрмеңкеге 107,3 тонна ауыл шаруашылығыөнімі жеткізіліп, жалпы сомасы 158,8 млн.теңгеден асатын тауар өткізілуі көзделген.
Облыс әкімінің бірінші орынбасарыӘлібек Жақанбаев бастаған салаға жауаптыорынбасарлар жәрмеңкені аралап, ұсынылған тауарлардың бағасы мен сапасынкөрді. Сондай-ақ келушілермен тілдесіп, олардың пікірін тыңдады.
Облыстық ауыл шаруашылығыбасқармасының басшысы НұрдәулетКененбаевтың айтуынша, күзгі жиын-терінаяқталып, қысқа дайындық басталған шақтамұндай сауда халыққа қажетті азық-түліктібір жерден сатып алуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың сұранысына қарайжәрмеңкені тұрақты өткізу жоспарлануда.
Облыстық кәсіпкерлік жәнеиндустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлыжәрмеңкедегі өнімдердің бағасынарықтағыдан шамамен 15 пайыз төменекенін айтты.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарларының бағасына күнделіктімониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушідентұтынушыға делдалсыз жеткізіп, тікелейсату мүмкіндігін кеңейту көзделген, – дейді ол.
Алакөлден келген Бейсембаев шаруақожалығының өкілі Лиза Муратова жәрмеңкеге балық өнімдерін әкеліпті. Саудада сазан, көксерке, мөңке балығы жәнебалық филесі ұсынылған. Оның айтуынша, өнімдер нарықтағыдан төмен бағаменсатылып, тұрғындарға қолжетімді бағадаұсынылған.
Жәрмеңкеге келген зейнеткер, қала тұрғынеы Асқар Мұқатев ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердіңтауарын тікелей сату тұрғындарға тиімдіекенін жеткізді. Оның сөзінше, базарда қойетінің келісі 4200–4300 теңге болса, мұнда 3600 теңгеден сатылып жатыр. Сондықтан ол мұндай жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрса, қала тұрғындарына пайдалы болатынын айтты.
Қала тұрғыны Маржан Райысоважәрмеңкеге балаларымен келіп, көк шөп, пияз бен сәбіз сатып алған. Өнімдердіңсапасы мен бағасына көңілі толған ол еттіңде бағасы қолжетімді екенін айтып, осындайсауданың тұрақты ұйымдастырылғанынқалайтынын жеткізді.
Келушілер жәрмеңкеде өнім түрінің мол болғанын атап өтті. Кейбірі ет бағасының әліде жоғары екенін айтқанымен, жергіліктіөндірушілердің өнімдерін бір жерден таңдап, сатып алу мүмкіндігін құптады.
Қажет АНДАС






