Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этномәдени кешенінде Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Асыл-Дизайн» сән үйі ұйымдастырған «ASPARA FASHION DAY 2026 – Мұра коды» халықаралық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара аясында қолөнершілер көрмесі, концерт, халықаралық форум және баспасөз конференциясы ұйымдастырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ұлттық мәдени мұраны заманауи сән үлгілері арқылы дәріптеу, отандық дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің шығармашылығын насихаттау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Көрмеге Жамбыл өңірінің 33 қолөнершісі қатысып, ұлттық нақыштағы авторлық бұйымдарын таныстыруда. Келушілерге дәстүрлі қолөнер туындылары, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген бұйымдар мен шеберлердің жеке жұмыстары ұсынылған.

Ал концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары мен өңірдің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетуде. Сонымен қатар халық әндері, терме және туған жерге арналған эстрадалық шығармалар орындалуда.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен халықаралық форумда ұлттық мұраны заманауи сән арқылы дәріптеу, креативті индустрияларды дамыту және дизайнерлер мен қолөнершілер арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың, мәдениет және туризм салаларының өкілдері, тарихшылар мен қазақстандық және шетелдік дизайнерлер қатысты.

Форум барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өңірде киіз басу, тоқымашылық және зергерлік өнер дәстүрлерінің сақталғанын атап өтті. Ал «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының өкілі Ақбота Қайырханова іс-шаралардың Қазақстанның оқиғалық күнтізбесіне енгізілу тәртібі мен туристік әлеуетті арттырудағы маңызы туралы баяндады.

Биылғы халықаралық сән іс-шарасына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан 18 дизайнер қатысуда. Олар «Мұра коды» тақырыбында әзірленген 21 авторлық топтамасын ұсынады. Сән көрсетілімінде ұлттық киім үлгілері, дәстүрлі ою-өрнектер мен тарихи мәдени элементтердің заманауи сәндегі көрінісі таныстырылады.

Сән көрсетілімінің бағдарламасында қазақстандық дизайнерлермен қатар, шетелдік сәнгерлердің жұмыстары да ұсынылады. Сонымен бірге Тараз қаласының қолөнершілері мен модельдік агенттіктерінің топтамалары да подиумға шығады.

Бүгін сағат 17:00-де «Көне Тараз» этномәдени кешенінің көрме павильонында халықаралық сән көрсетілімі басталады.

Жамбыл облысының әкімдігі

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

21 қараша 2026
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.