Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Бүгін, 13:38
Мәслихаттар сайлауы
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

 

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат №6 бірмандатты округі бойынша Шацкий Игорь Александрович.

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Шацкий Игорь Александрович 1984 жылғы 3 қазанда дүниеге келдім. Жоғары заңгерлік және арнаулы орта білімім бар. 2001 жылы Текелі қаласының № 5 орта мектебін аяқтадым. 2007 жылы Мәскеу мемлекеттік сервис университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, ал 2013 жылы Талдықорған политехникалық колледжін «Техник-электрик» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 2002 жылғы 10 қазанда «Қазцинк» ААҚ Текелі энергокешенінде отын беру машинисі болып бастадым. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру процесінде де өндірістегі еңбегімді жалғастырдым. 2016 жылғы 15 тамызда отын-көлік цехының шебері, 2020 жылғы 7 сәуірде отын-көлік цехының бастығы болып ауыстырылдым. 2021 жылғы 29 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Текелі энергокешені» ЖШС директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келемін. Өндірістегі жалпы үздіксіз еңбек өтілім –21 жыл.

Өзімнің кәсіби тәжірибем мен басқарушылық практикамды пайдалана отырып, Текелі қаласының қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсене араласамын, мұқтаж жандарға демеушілік көмек көрсетемін.

Мақсатым  –  туған өлкеміздің игілігі жолындағы нақты жұмыс, тұрғындармен ашық диалог және шынайы нәтижелер.

 

Құрметпен, Игорь Шацкий 

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 

1. ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ

Текелі қаласының экономикасына инвестиция тартуға белсенді түрде ықпал етемін, қолданыстағы энергетикалық және өндірістік кәсіпорындарды, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қол жеткіземін. Жаңа индустриялық нысандардың салынуын және қала тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарының құрылуын қолдаймын.

«Конкретные решения для развития родного города!»

2. КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ АУЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Техникалық және салалық білімімді пайдалана отырып, М. Әуезов және Гагарин көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын толық жарықтандыруға, сондай-ақ білім беру мекемелеріне баратын қауіпсіз жолдардың болуына қол жеткіземін.

3. ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Қалаішілік автожолдарға, ең алдымен Тәуелсіздік және Қазақстан көшелеріне сапалы жөндеу жүргізуге, сондай-ақ тұрғындар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер мен балабақшалардың маңында тротуарлар абаттандырып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен «жасанды жол кедергілерін» (лежачий полицейский) орнатуға қол жеткіземін.

4. АУЛАЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ АЙМАҚТАРДЫ АБАТТАНДЫРУ

М. Әуезов, Ғарышкерлер көшелерінде барлық жастағы қала тұрғындарына арналған балалар мен спорт алаңдарын, көше тренажерлерін, орындықтар мен демалыс орындарын орнату және жаңарту жұмыстарын бақылаймын.

5. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ

Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) уақтылы шығарылуын, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюды қатаң бақылауда ұстаймын, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы эко-акцияларды және Текелі қаласының Ғарышкерлер, Гагарин, М. Әуезов, Тәуелсіздік, Қазақстан көшелерін көгалдандыруды қолдаймын.

6. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДЕМЕУШІЛІК ҚОЛДАУ

Көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, ардагерлерге және мүгедектігі бар адамдарға жүйелі көмек көрсетуді жалғастырып, ауқымын кеңейтемін, сондай-ақ әлеуметтік нысандарда кедергісіз орта (пандустар, т.б.) құрылуына қол жеткіземін.

7. СПОРТ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Бұқаралық балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға, спорт секцияларын ұстауға және қалалық спорттық іс-шараларды өткізуге ықпал етемін.

8. САПАЛЫ БІЛІМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

№ 3 орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқталуын жеке бақылауда ұстаймын. Текелі қалалық ауруханасының ас блогына күрделі жөндеуді аяқтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің басқа да ғимараттарын күрделі жөндеу жоспарына енгізуге қол жеткіземін.

9. АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ

№ 6 сайлау округінің тұрғындарымен жүйелі түрде жеке кездесулер өткіземін, әрбір өтінішке жедел үн қатамын, атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беріп, бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң түрде бақылаймын.

 

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сеніміңіз – нәтижеге деген жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін! 

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен, Шацкий Игорь Александрович, 1984 жылғы 3 қазанда дүниеге келдім. Жоғары заңгерлік және арнаулы орта техникалық білімім бар. 21 жыл бойы қала құраушы кәсіпорын – «Текелі энергокешені» ЖШС-де үздіксіз еңбек етіп, отын беру машинисінен бастап жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары лауазымына дейінгі жолдан өттім.

Көпжылдық кәсіби және өмірлік тәжірибем маған жауапкершілікті, ұстанымға беріктікті, өндірісті терең білуді, заңды құрметтеуді және азаматтардың өтініштеріне мұқият қарауды үйретті. Басшылық лауазымды атқара отырып, қала өміріне белсене араласамын және мұқтаж жандарға тұрақты түрде демеушілік көмек көрсетіп келемін.

Басты міндет  – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелердің шешілуіне қол жеткізу және атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беру деп есептеймін.

Егер маған сенім білдірсеңіздер, өз қызметімді Текелі қаласын дамытудың және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың нақты мәселелеріне шоғырландырамын.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ!

 Жауапкершілік және нәтиже – нақты әрі өлшенетін көрсеткіштерге бағдарлану, Жол картасының әрбір жоспарланған тармағын шынайы орындалуға жеткізу.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер! 

 

Тапсырыс беруші: Шацкий Игорь Александрович
Қаражат кандидаттың Текелі қалалық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

 

Қатысты жаңалықтар

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Түстүқбаева Айгерім Айдарқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Түстүқбаева Айгерім Айдарқызы

Бүгін, 14:31
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдрахманов Мақсат Мұхамедкәрімұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдрахманов Мақсат Мұхамедкәрімұлы

Бүгін, 14:21
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

Бүгін, 14:09
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Бүгін, 13:51
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Бүгін, 13:38

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.