Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

23 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №11 бірмандатты округі бойынша кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы.

 

Құрметтi сайлаушылар!

 

Мен, Ысқақ Данияр Санатұлы 1995 жылғы 18 қыркүйекте дүниеге келдім. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жоғары білімім бар. 2012 жылы Текелі қаласының № 6 мектебінің 11-сыныбын, ал 2017 жылы Алматы технологиялық университетін аяқтадым.

Еңбек жолымды 2016 жылы екінші деңгейдегі банкте бастап, қысқа мерзім ішінде топ жетекшісі лауазымына дейін көтерілдім. 2019 жылы Текелі қаласына оралып, «Ak Altyn Products» ЖШС-не аппаратты басқару операторы болып жұмысқа орналастым. 2021 жылы өндірістік цех бастығы болып тағайындалдым, ал 2023 жылдан бастап «Ak Altyn Products» ЖШС бас директоры қызметін атқарып келемін.

Әділдік, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарын толық қолдаймын. Өзімнің кәсіби әрі басқарушылық тәжірибемді пайдалана отырып, өнеркәсіпті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуді көздеймін.

Мақсатым – туған өлкеміздің игілігі жолындағы нақты жұмыс, тұрғындармен ашық диалог және шынайы нәтижелер.

 

 

Құрметпен, Ысқақ Данияр

 

 2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 

1. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУ

2027 жылы «Алатау» шағынауданындағы Төле би көшесіндегі жеке жер учаскесінде заманауи 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысына ықпал етемін. Жобаны іске асыру кезінде және кадрларға қажеттілік расталған жағдайда – құрылыс пен сабақтас жұмыстарға Текелі тұрғындарын тартуды, сондай-ақ қоныс тойын тойлаушыларды сапалы баспанамен қамтамасыз етуді, ауланы көркейтуді, балалар алаңын салуды және барлық қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді жеке бақылауда ұстаймын.

 

«Жайлы Текелі: таза аулалар, қауіпсіз көшелер, жарқын келешек!»

 

2. СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖЕЛІЛЕР

«Достық» шағынауданындағы ауызсу желілерін реконструкциялауға ықпал етемін және барлық жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын жеке бақылауда ұстаймын. Ауызсу желілерін сапалы модернизациялауды бақылауды қамтамасыз етемін.

3. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Текелі қаласындағы автожолдар мен тротуарларды, соның ішінде «Достық» шағынауданындағы Қастеев көшесіндегі жолды (1 км) жөндеуге қол жеткіземін. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол белгілерін орнатуды, жаяу жүргіншілер өткелдерін абаттандыруды және қауіпті учаскелерді жарықтандыруды жүзеге асырамын.

4. ЭНЕРГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖЕЛІЛЕР

Кәсіби тәжірибеме сүйене отырып, Текелі қаласының № 11 сайлау округіндегі жылу, электр және сумен жабдықтау желілерін модернизациялауға, жөндеуге және олардың апатсыз жұмысын қамтамасыз етуге қол жеткіземін.

5. КӨШЕЛЕР МЕН АУЛАЛАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Толстой, М. Төлебаев, Ынтымақ көшелерін және әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды толық жарықтандыруға қол жеткіземін.

6. АУЛАЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ АЙМАҚТАРДЫ АБАТТАНДЫРУ

№ 11 сайлау округінде балалар мен спорт алаңдарын, көше тренажерлерін, орындықтар мен барлық жастағы қала тұрғындарына арналған демалыс орындарын орнатуды және жаңартуды бақылауда ұстаймын.

7. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ

ҚТҚ-ны (қатты тұрмыстық қалдықтарды) уақытылы шығаруды, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюды бақылаймын, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы эко-акцияларды және Текелі көшелерін көгалдандыруды қолдаймын.

8. ЕҢБЕКШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Еңбекшілердің мүддесін қорғаймын, өндірістік және әлеуметтік сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдарға жүйелі қолдау көрсетуді жүзеге асырамын.

9. САПАЛЫ БІЛІМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

№ 4 орта мектептің, № 1 балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта құруға қол жеткіземін.

10. АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ

№ 11 сайлау округінің тұрғындарымен жүйелі түрде жеке кездесулер өткіземін, әрбір өтінішке жедел үн қатамын, атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беремін және бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң бақылаймын.

 

 

Сіздің пікіріңіз – мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін!

 

ҚЫМБАТTЫ ЖЕРЛЕСTЕР!

Мен, Ысқақ Данияр Санатұлы жоғары білімім бар. Бірнеше жыл бойы құрылыс материалдарын өндіру саласында еңбек етіп келемін және «Ak Altyn Products» ЖШС бас директоры қызметін атқарамын.

Кәсіби және басқарушылық тәжірибем маған жауапкершілікті, ұстанымға беріктікті, еңбекті құрметтеуді және азаматтардың өтініштеріне мұқият қарауды үйретті.

Депутаттың басты міндеті – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелердің шешілуіне қол жеткізу және атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беру деп есептеймін.

Егер маған сенім білдірсеңіздер, өз қызметімді Текелі қаласын дамытудың нақты мәселелерін шешуге шоғырландырамын.

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ!

«Нақты істер. Ашық диалог. Тұрғындар алдындағы жауапкершілік»

Өндіріс және басқару саласындағы басшылық тәжірибеме сүйене отырып, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдауға, маңызды мәселелерді құзыретті органдардың алдына қоюға, басым міндеттерді Текелі қаласын дамыту жоспарларына енгізуге қол жеткізуге және депутаттық өкілеттіктер аясында қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын.

Барлық мәселені бірден шешемін деп уәде бермеймін, бірақ олардың әрқайсысы дәйекті түрде жұмыс істеп, халықты нәтижелері туралы хабардар етіп отыруға дайынмын.

 

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Тапсырыс беруші: Ысқақ Данияр Санатұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.