САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 12 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы.
Құрметті сайлаушылар!
Менің еңбек жолым ауыл шаруашылығы және мемлекеттік басқару салаларымен байланысты. Жинақтаған тәжірибемді ауылдарды дамытуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және туған өлкемнің өркендеуіне арнап келемін.
Мен, Бейсенов Еркін Аманбайұлы 1970 жылғы 16 қаңтарда Талдықорған облысы, Киров ауданы, В. В. Куйбышев атындағы колхозда дүниеге келдім. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін зоотехник мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1996 жылы Ақтекше ауылындағы «Сарыой» шаруа қожалығының басшысы болып бастап, 2011 жылға дейін осы қызметті атқардым. 2011 жылы Қабылиса ауылдық округінің әкімі болып тағайындалып, 2026 жылдың қараша айына дейін қызмет атқардым.
Мен үшін басты мақсат – жинақтаған білімім мен тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, ауылдардың дамуына, тұрғындардың өзекті мәселелерінің шешілуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу. Қабылданған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуына ықпал ету – басты ұстанымым.
Құрметпен, Еркін Бейсенов
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Лабасы ауылдық округінің Мәмбет және Талапты ауылдарындағы жөндеуді қажет ететін көшелерді, сондай-ақ Қабылиса ауылдық округінің Ақтекше және Көкбастау ауылдарындағы қиыршық тасты жолдарды жөндеу және асфальттау мәселесін аудандық жоспарға енгізуге ықпал етемін.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
2029 жылы Талапты ауылындағы «Верхне-Талаптинская ГЭС» құрылысының уақытылы аяқталуына, Ақтекше және Көкбастау ауылдарындағы үйлерді газдандыруға ықпал етемін. Сонымен қатар, Мәмбет және Талапты ауылдарындағы суармалы жерлерді сумен қамтуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге атсалысамын.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Қабылиса және Лабасы ауылдық округтерінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несиелердің қолжетімділігін арттыруға, ауыл кәсіпкерлерінің сауда, қызмет көрсету және өндіріс салаларындағы жобаларын дамытуға ықпал етемін. Сонымен қатар, Шаған тауы маңында ішкі туризмді дамытуға және ауыл тұрғындарының туристік қызмет арқылы табыс табуына атсалысамын.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
4.АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
2027 жылы Қабылиса ауылдық округінің Ақтекше ауылында мал қорымына жер бөлініп, Беккари шұңқырының салынуына ықпал етемін. Мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуға, шаруа қожалықтарын қолдауға, сондай-ақ сүт және майлы дақылдар өнімдерін өңдеу үлесін арттыруға атсалысамын.
5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Қабылиса, Лабасы ауылдық округтеріндегі шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін. Қабылиса, Лабасы ауылдық округтерінің тұрғындарын жылжымалы медициналық кешендердің профилактикалық тексерулері мен тар мамандардың кеңестерімен тұрақты қамтуға ықпал ету.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Қабылиса және Лабасы ауылдық округтеріндегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, STEM және робототехника кабинеттерін жабдықтауға ықпал етемін. Сонымен қатар, 2027 жылы Талапты ауылында спорт кешенінің салынуына және бұқаралық спортты дамытуға атсалысамын..
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мемлекеттік жәрдемақылар мен заңнамада көзделген әлеуметтік көмектерді алуына ықпал етемін. Жыл сайын кемінде бір мұқтаж отбасының балаларын жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге атсалысамын.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Қабылиса және Лабасы ауылдық округтеріндегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге, интернет сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Сонымен қатар, Лабасы ауылдық округінде антенна-діңгекті құрылыс орнату мәселесін шешуге атсалысамын.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қабылиса және Лабасы ауылдық округтерінде ағаш көшеттерін отырғызуға, көшелерді көгалдандыруға, тазалық пен тәртіпті сақтауға ықпал етемін. Сонымен қатар, ай сайынғы соңғы бейсенбіде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысамын.
Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!
Бала болашағы – басты басымдық!
Әр шешім – ауылдың игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Қаблиса және Лабасы ауылдық округітерінің дамуы мен өркендеуі тұрғындардың бірлігіне, белсенділігіне және туған жерге деген жанашырлығына байланысты. Ауылдың көркеюі, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және келешек ұрпаққа қолайлы жағдай жасау – ортақ мақсатымыз.
Басты міндетім – ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және инфрақұрылымды жақсартуға ықпал ету. Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу бағыттарына басымдық беремін.
Қаблиса ауылдық округінің гүлденуі мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында бірлесе еңбек етіп, туған жеріміздің жарқын болашағы үшін күш біріктірейік!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Бірлік, ашықтық және ортақ жауапкершілік. Тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, өзекті мәселелердің ашық әрі әділ қаралуына ықпал ету – басты ұстанымдарым.
Әрбір азаматтың пікірі мен ұсынысына құрметпен қарап, көтерілген мәселелердің шешілуіне атсалысуға және туған өлкемнің дамуы жолында халықпен бірге еңбек етуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Бейсенов Еркін Аманбайұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді







