САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 11 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы.
Құрметті сайлаушылар!
Менің еңбек жолым білім беру саласымен тығыз байланысты. Жинақтаған білімім мен тәжірибемді жас ұрпақтың сапалы білім алуына, білім саласын дамытуға және туған өлкемнің өркендеуіне арнап келемін.
Мен, Садыбаева Анар Білісбекқызы 1972 жылғы 6 желтоқсанда Талдықорған облысы, Киров ауданының қазіргі Көксу ауданына қарасты Көксу станциясында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 1995 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Педагог-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1996 жылы Үштөбе қаласындағы Ушинский атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым. 2015-2021 жылдары Жетіжал орта мектебінде директордың орынбасары қызметін атқардым. 2021 жылдан бері Көксу ауданының Мұқаншы орта мектебінде директордың орынбасары болып қызмет атқарып келемін.
Мен үшін басты мақсат – жинақтаған білімім мен тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, білім беру саласының дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және туған өлкемнің өркендеуіне үлес қосу.
Құрметпен, Садыбаев Анар Білісбекқызы
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Мұқаншы ауылдық округіне қарасты көшелердегі жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын сақтауға және жөндеуді қажет ететін қалған көшелерді жөндеу жоспарына енгізуге ықпал етемін.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
2026 жылы Нәдірізбек ауылына кіреберіс газ құбыры мен ұзындығы 1,9 км газ тарату желілерінің тартылуына, сондай-ақ 2026 және 2029 жылдары Көксу станциясындағы Байшапанов және М. Әуезов көшелеріне көше жарық шамдарын орнату жұмыстарының жүзеге асуына ықпал етемін.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Мұқаншы ауылдық округінде шағын және орта бизнесті дамытуға, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етемін. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің сауда, қызмет көрсету және өндіріс салаларындағы бастамаларын қолдауға атсалысамын.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Мұқаншы ауылдық округінде мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуға, шаруа қожалықтарын қолдауға және ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Сонымен қатар, Көксу станциясында мал қорымына жер бөлу мәселесін шешуге және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын.
5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
2027-2029 жылдары Мұқаншы ауылдық округінде жоспарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жергілікті тұрғындарды тартуға, сондай-ақ Көксу станциясындағы колледжде кәсіпорындардың сұранысына сәйкес білікті мамандар даярлау бағыттарын кеңейтуге ықпал етемін.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Нәдірізбек және Мұқаншы ауылдарында жабылған медициналық пункттерді қайта ашу мәселесін көтеріп, тұрғындардың алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға күш саламын.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Мұқаншы және Жетіжал орта мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білім беру жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ 2029 жылы Көксу станциясында блок-модульді мәдениет үйінің салынуына ықпал етемін.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Мұқаншы ауылдық округіндегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетілуіне ықпал етемін. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге және мемлекеттік көмек бағдарламаларына қолжетімділігін арттыруға атсалысамын.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
№11 округіне қарасты Мұқаншы, Нәдірізбек ауылдары мен Көксу станциясында ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
Мұқаншы, Нәдірізбек ауылдары мен Көксу станциясы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға күш саламын. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарды белсенді қатыстыру арқылы елді мекендердің көркін жақсартуға және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға атсалысамын.
Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!
Бала болашағы – басты басымдық!
Әр шешім – ауылдың игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Мұқаншы ауылдық округінің дамуы мен өркендеуі тұрғындардың бірлігіне, белсенділігіне және туған жерге деген жанашырлығына байланысты. Ауылдың көркеюі, халықтың тұрмыс сапасының артуы және келешек ұрпаққа қолайлы жағдай жасау – ортақ мақсатымыз.
Басты міндетім – ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және инфрақұрылымды жақсартуға ықпал ету. Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының қолжетімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу бағыттарына басымдық беремін.
Мұқаншы ауылдық округінің өркендеуі, тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруы және келешек ұрпаққа жарқын болашақ қалыптастыру жолында бірлесе еңбек етейік!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Халықпен бірлік және ортақ жауапкершілік. Тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстарын ескеріп, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға, өзекті мәселелердің ашық әрі әділ қаралуына ықпал етуді маңызды санаймын.
Әрбір азаматтың пікіріне құрметпен қарап, ұсыныстарын қолдауға, көтерілген мәселелердің шешілуіне атсалысуға және туған өлкемнің дамуы жолында халықпен бірге еңбек етуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Садыбаева Анар Білісбекқызы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.







