Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

23 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 10 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы.

 

Құрметті сайлаушылар!

Менің еңбек жолым мемлекеттік қызмет пен қаржы салаларымен байланысты. Жинақтаған тәжірибемді ел игілігіне, туған өлкемнің дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағыттап келемін.

Мен, Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы 1985 жылғы 15 қаңтарда Көксу ауданының Алғабас ауылында дүниеге келдім. 1991-2002 жылдары Қызыларық орта мектебінде білім алдым.  2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірдім. Әскери кафедрада білім алып, лейтенант атағын иелендім. 2008-2010 жылдары Ө. А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым.  Еңбек жолымды 2006 жылы салық органдарында бастап, түрлі басшылық қызметтер атқардым. 2015 жылы аудандық қаржы бөлімінің басшысы, 2017-2021 жылдары аудан әкімі аппаратының басшысы, 2021–2023 жылдары аудан әкімінің орынбасары болдым. 2023 жылдан бастап Көксу аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келдім.

Мен үшін басты мақсат – жинақтаған тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, тұрғындардың ұсыныстарын ескеру, ауылдардың дамуына және өзекті мәселелердің шешілуіне үлес қосу. Халық сенімін ақтап, маңызды жобалардың жүзеге асуына ықпал ету – басты міндетім.

 

Құрметпен, Жамбыл  Бейсенбай 

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Жарлыөзек және Мұсабек ауылдық округтері аумағындағы  «Үштөбе – Талдықорған – Быжы – Мұқыры» автожолының 92,8-121 шақырым аралығындағы учаскелерін сапалы жөндеуге, жол бойындағы көрінуге кедергі келтіретін ағаштар мен бұталарды ретке келтіруге ықпал етемін. Сонымен қатар, Мұсабек ауылын су тасқынынан қорғау шараларын күшейтуге атсалысамын.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауыз су, газ және интернет қолжетімділігін назарда ұстау. Газға қосылмаған әлеуметтік нысандарды газға қосылу мәселесін көтеру.

 

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

 

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Жарлыөзек және Мұсабек ауылдық округтеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелердің ауыл тұрғындарына қолжетімді болуына қолдау көрсету.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

2027 жылы Мұсабек ауылында мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) жер учаскесінің бөлінуіне және қаражат бөлінуіне жұмыс атқарамын. Мал басын көбейтетін шаруа қожалықтарын қолдауға, егін алқаптарын тиімді пайдалануға, егін шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарға басымдық беремін.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Жарлыөзек, Мұсабек ауылдық округтерінің жастары мен жұмыс іздеген азаматтарының субсидияланатын жұмыс орындарына және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуына жәрдемдесу.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Тұрғындардың скринингтер мен профилактикалық тексерулерден уақтылы өтуіне жұмыс жасау. Медицина мамандарын ауылдарға тарту шаралары бойынша ұйымдастыру.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

 Жарлыөзек және Мұсабек ауылдық округтеріндегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, STEM және робототехника кабинеттерін жабдықтауға, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға басымдық беремін.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Жарлыөзек ауылдық округіндегі фельдшерлік-акушерлік пунктке (ФАП) және «Балдырған» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Жарлыөзек және Мұсабек ауылдық округтеріндегі мектептерде жоғары жылдамдықты интернет пен цифрлық ресурстардың қолжетімділігін арттыруға, білім сапасын бақылау, оқушы қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға басымдық беремін.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылдарды абаттандыру мен көгалдандыруға, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюға және қалдықтарды бөлек жинауды дамытуға тұрғындар мен жастарды тарту.

 

 

Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін! 

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 

Жарлыөзек және Мұсабек ауылдық округтерінің басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Әрбір елді мекен назарға лайық, ал әрбір отбасы өмір сүруге лайықты жағдайға ие болуы керек. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер уәде күйінде қалмай, шынайы өмірге айналуы тиіс.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Бірақ оларды кезең-кезеңімен шешуге, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттік шеңберінде нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әрбір міндеттеме нақты іспен бекітілуі маңызды.

Бірлесе отырып, ауылымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

 

Әрбір тұрғынға және әрбір ауылға әділ көзқарас. Еңбекке құрмет, сөзім мен ісіме жауапкершілік. Ашықтық және адамдардың мүддесін қорғауға дайындық.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрқашан ашықпын. Әрқайсыңызды тыңдап, сіздерді толғандыратын мәселелерді зерделеуге және олардың шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.

 

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер! 

 

Тапсырыс беруші: Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.