Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Рыбакина ESPN нұсқасы бойынша жылдың үздік теннисшісі атанды

24 қараша 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, АЛТЫН ТҰҒЫР
Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
WhatsAppTelegramFacebook

Беделді америкалық ESPN басылымы маусым қорытындысы бойынша Әлемнің бірінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакинаны 2026 жылдың ең үздік теннисшісі деп таныды. Басылымның бұл таңдауына отандасымыздың бір маусымда «Үлкен дулыға» санатындағы қос бірдей ірі турнирде – Australian Open және US Open жарыстарында топ жаруы басты себеп болған.

Жыл басындағы Australian Open турнирінде Ига Швёнтек пен Джессика Пегуланы жеңген Рыбакина ақтық сында Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, 2023 жылғы финалдағы жеңілісі үшін қарымта қайтарды. Ал күзде өткен US Open финалында да қазақстандық спортшы Соболенкодан басым түсіп, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді. Осы тарихи жеңістен екі күн өткен соң Рыбакина қарсыласын 99 апта бойы  WTA рейтингін бастаған Соболенканы көшбасшылық орнынан ығыстырып, әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

ESPN сарапшылары Нью-Йорктегі бұл жеңістің оңайға соқпағанын ерекше атап өтті. Цинциннати турнирінде жарақат алып, жарыс алдында бір апта бойы жаттығу өткізе алмағанына қарамастан, Елена жартылай финалда Кори Гауффты үш сетте ұтты. Маусым соңында Нинбодағы WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанған отандасымыз сырқатына байланысты WTA қорытынды турниріне қатыспады.

Дегенмен, басты бәсекелесі Мирра Андреевамен арадағы тартысқа қарамастан, ESPN жыл үздігі атағын қазақстандық спортшыға табыстады. Сонымен қатар басылым 2027 жылғы маусымда да Рыбакинаны барлық «Үлкен дулыға» турнирлерінде басты фавориттердің бірі ретінде атап отыр.

«Жетісу-Ақпарат».

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Бүгін, 20:26
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.