2026-2031 жылдарға арналған Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №13 бірмандаттық сайлау учаскесі бойынша кандидат Темірболат Жанболатұлы Ахажанов.
«Қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру жұмысына әрдайым ерекше мән беру қажет»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары! Ардақты жерлестер!
Менің өмірлік және еңбек жолым туған өлкеммен, оның халқымен және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту ісімен тығыз байланысты. Мен, Темірболат Жанболатұлы Ахажанов 1964 жылғы 24 мамырда Талдықорған қаласының аумағындағы Еркін ауылында дүниеге келдім. «Инженер-механик» және «Заңгер» мамандықтары бойынша жоғары білім алдым. Әртүрлі ұйымдар мен корпорацияларда жинақтаған көпжылдық кәсіби тәжірибем, сондай-ақ 2019 жылдан бері Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы лауазымында атқарып келе жатқан қызметім халықтың өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Мен өңірдің дамуы әрбір елді мекен мен отбасының нақты мәселелерін шешуден басталатынына сенімдімін. Депутаттың жұмысы құрғақ сөздер мен уәделер арқылы емес, нақты нәтижелермен, жауапкершілікпен және халықтың сенімімен бағалануы тиіс. Менің кәсіби тәжірибем, жергілікті басқару жүйесін жетік білуім және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу барысында жинақтаған тәжірибем облыстық мәслихаттағы қызметімнің берік негізі болады.
Менің мақсатым – қуатты Жетісу облысы, байқуатты отбасылар, дамыған инфрақұрылым және балаларымыздың жарқын болашағы.
Халықтың мүддесін қорғап, өңіріміздің дамуына үлес қосу жолында ашық, жүйелі әрі жауапкершілікпен еңбек етуге дайынмын. Ортақ үйіміз Жетісу облысының өркендеуі жолында бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім. Сіздердің мүдделеріңіз – менің басты басымдығым!
Құрметпен Ахажанов Темірболат
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
- ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
«Плодопитомник» пен Солтүстік-Батыс тұрғын аудандарын байланыстыратын ұзындығы 11,7 шақырым негізгі жол мен 20 көшенің құрылысы мәселесін бақылауға аламын. «Жастар-3», «Жастар-1/1», «Ынтымақ» тұрғын алаптарында, Оңтүстік-Батыс ауданның 8, 9, 11 және 12-шағынаудандарында жол салу жобаларының жүзеге асуына ықпал етемін.
- СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Оңтүстік-Батыс ауданның 11, 12 және 13-шағынаудандарында жоспарланған 8,8 шақырым су құбыры мен 4 шақырым кәріз желісінің құрылысын аяқтау барысын бақылаймын. Қаратал өзенінің оң жағалауында жоспарланған 11,9 шақырым су құбыры мен 11,8 шақырым кәріз желісін тарту жобаларының іске асуын қадағалаймын. Көктал тұрғын алабында, Еркін ауылында, 3-бөлімшеде және Жастар-2 тұрғын алабында жалпы ұзындығы 25,6 шақырымды құрайтын 36 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуін бақылаймын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
Ынтымақ тұрғын алабында бюджет қаражаты есебінен жоспарланған 200 пәтерлік 5 тұрғын үйдің пайдалануға берілуін бақылауға аламын. Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы 9-шағынауданда 2027 жылы бюджет қаражаты есебінен салу жоспарланған 347 пәтерлік 10 тұрғын үйдің уақытылы аяқталуына қоғамдық бақылау жүргіземін.
- ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ
Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін. Шағын бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі ұсыныстарды көтеремін. Қызмет көрсету, сауда, өндіріс және өнім өңдеу салаларындағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдаймын.
- ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Талдықорған қаласындағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 186,1 мың адам. Әр жыл сайын 30% жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Медициналық қызметтерді цифрландырып, телемедициналық технологияларды қолдану аясын кеңейтуге және цифрлық шешімдердің медициналық ұйымдардың қызметіне интеграциялануын қамтамасыз етуге ықпал етемін. Онкологиялық және жүрек-қантамырлары ауруларын ерте анықтау мақсатында скринингтер мен профилактикалық тексерулерді тұрақты өткізу арқылы денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық бағытын күшейтуге атсалысамын.
- БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Қаратал өзенінің оң жағалауында салынып жатқан 150 орынды оңалту орталығының құрылысын бақылауға аламын. Жалайыри даңғылы бойында салынып жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт кешенінің аяқталуына қоғамдық бақылау жүргіземін.
- ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.
- ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Талдықорған қаласы мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.
- ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА
«Қызылтас – Тасбақа» экопаркінің жаңғыртылған аумағын одан әрі дамытуға ықпал етемін.«Тасбақа» экопаркінде экологиялық соқпақ, ақпараттық тақталар және демалысқа арналған орындар салу жөніндегі келесі кезеңнің жүзеге асуын бақылауға аламын.
«Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты жүзеге асырамыз.
Жетісу облысының болашағы – әрбір тұрғын үшін әділ мүмкіндіктерде, лайықты еңбекте және нақты нәтижелерде.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Сіздерді туған өлкеміздің өркендеуі жолында бірлік пен ынтымақты сақтауға, ортақ мақсаттарымызға бірге қадам басуға шақырамын. Әрбір отбасының байқуатты өмірі, әрбір азаматтың әл-ауқаты, жастарымыздың жарқын болашағы мен өңіріміздің тұрақты дамуы – бәріміз үшін маңызды міндет.
Мен халықтың сенімін ақтауды, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдауды және өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді басты парызым деп білемін. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңыз менің жұмысымның негізгі бағдары болады.
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын! Туған қаламызды бірге көркейтіп, келер ұрпаққа таза, жайлы әрі жасыл қала қалдырайық!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын! Бірге еңбек етіп, Жетісудың жарқын болашағын қалыптастырайық!
Құрметпен, барша жерлестерді игі іске атсалысуға шақырамын.
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
Тапсырыс беруші: Темірболат Жанболатұлы Ахажанов
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді






