29 қараша күні өтетін мәслихат депутаттарын сайлау науқанына орай, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін арнайы «Инватакси» қызметі ұйымдастырылады.
Бұл бастама сайлау күні жүріп-тұруы қиын қала тұрғындарының өз таңдауын жасап, дауыс беру учаскелеріне еш кедергісіз әрі қауіпсіз жетуін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
Тұрғындарды тасымалдау жұмыстарына барлығы 18 автокөлік жұмылдырылады. Оның ішінде 13 көлік кресло-арбамен қозғалатын азаматтарды тасымалдауға арналған арнайы құрылғылармен толық жабдықталған. Осылайша, сайлау күні мүгедектігі бар азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына барынша қолайлы жағдай жасалмақ.
«Жетісу-Ақпарат»






