Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры
WhatsAppTelegramFacebook

Жансақтау бөлімінде «күн тәртібі» деген болмайды. Бір қоңырау – барлық жоспарыңды өзгертеді. Реаниматолог жүрек пен өкпе үшін күрессе, инфекционист-реаниматолог оған қоса адамның бойында қандай инфекция жеп жатыр дегеннің жауабын іздейді. Соңғы жылдары «жау» күшейді. Қызылша жұқпасы қайта оралды. Ботулизм де қауіпті. Үй консервісіндегі бір тамшы у адамды бірнеше сағатта аппаратқа байлап тастайды. Антибиотикке көнбейтін инфекциялар да көбейді. Демала алмай жатқан бала, сөйлей алмай қалған ересек, «жай тұмау ғой» деп ауруын асқындырған жағдайы ауырлаған науқас тіптен көп. Мұндайда шешім 2-3 сағатта емес, 2-3 минутта қабылданады. Кешіксе ең қымбат аппарат та көмектеспейді.

Күз келді. Иммунитет әлсірейтін шақ. Қызылша неге өршіді? Ботулизмнен қалай сақтанамыз? 6 айлық сәбиді кім қорғайды? Антибиотик туралы не білеміз? «Таңертеңге дейін күтейік деп едік…», деген сөздің қаупі қаншалықты? Бұл сұрақтардың жауабын облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реаниматологі Әділет Тлеубаев айтып береді.

– Әділет Талғатұлы, бір күніңіз қалай өтеді? Кәдімгі реаниматологтан айырмашылығыңыз қандай?

– Менің күнім таңғы 8-де науқастарды аралаудан басталады. Бірақ реанимацияда «күн тәртібі» деген ұғым жоқ. Бір қоңырау бәрін өзгертуі мүмкін. Кәдімгі реаниматолог науқастың жүрегі, өкпесі, қысымы үшін күреседі. Ал мен оған қоса тағы бір «жау» жұқпамен күресемін. Яғни, бір мезетте екі сұраққа жауап іздеймін. Оның бірі – науқасты қалай тірі алып қалу керек, екіншісі – оны әлсіретіп бара жатқан микроб қандай? Сондықтан жұмысым – тығылып жатқан кеселді іздеу. Диагноз дұрыс қойылмаса, сырқатқа ең қымбат аппарат та көмектеспейді.

– Жансақтау бөлімінде диагноз қоюдың ең қиын тұсы қандай?

– Ең қиыны – уақыттың жоқтығы және симптомдардың ұқсастығы. Мысалы, адам ес-түссіз, қызуы өте жоғары, қан қысымы түсіп кетті. Бұл менингит пе, сепсис пе, ботулизм бе, әлде ковидтің асқынуы ма? Оны бірден ажырату қиын. Ал анализдің нәтижесі 2-3 сағатта, кейде бір тәулікте келеді. Ал шешімді қазір қабылдау керек. Иә, бірнеше минутта шешім шығаратын кездер жиі болады. «Бұл науқасқа қазір антибиотик береміз бе, жоқ па? Тыныс алу аппаратына қосамыз ба, жоқ па?» Осы сұрақтың жауабы адамның тағдырын шешеді. Сондықтан біз клиникалық ойлауға, науқастың туыстарының айтқан бірауыз сөзіне – «кеше консерві жеген еді», «ол қызылшамен ауырған баламен ойнаған» деген сияқты детальдарға қатты мән береміз.

– Соңғы 2-3 жылда реанимацияға түсетін жұқпалы аурулар өзгерді ме?

– Өзгерді. Бұрын бізде көбіне ауыр пневмония, ішек жұқпалары басым болатын. Қазір екі бағыт алаңдатады. Бірінші – вакцинамен алдын алуға болатын аурулардың қайта оралуы. Ең алдымен қызылша. Екінші – антибиотикке көнбейтін инфекциялар. Яғни, микробтар біздің дәрілерге үйреніп алған. Бұрын бір антибиотик көмектессе, қазір үшеуін қатар қолдануға тура келеді. Қазір – «бұл жай тұмау ғой» деген ойды алып тастау керек. Көп ауыр жағдай осы немқұрайдылықтан басталады.

– Ботулизм деген не және неге соншалықты қауіпті? Неліктен науқас бірден аппаратқа қосылады?

– Ботулизм бұл ең қауіпті уланулардың бірі. Оны Clostridium botulinum деген бактерияның уы тудырады. Бір тамшысы адамды өлтіруі мүмкін. Оның қауіптілігі адамның жүйке жүйесін «өшіреді». Алдымен көз заттарды көбейтіп көре бастайды, жұтыну қиындайды, дауысы өзгереді. Содан кейін тыныс алу бұлшықеттері сал болып қалады. Адам есін біліп тұрса да дем ала алмайды. Міне, сондықтан біз уақыт жоғалтпай тыныс алу аппаратына қосамыз. Себебі науқас өз бетімен дем ала алмай қалса, бірнеше минутта өліп кетуі мүмкін.

– Үй консервісінен сақтанудың 2 басты ережесі қандай? Антитоксин барлық жерде бар ма?

– Екі-ақ ереже бар, бірақ оны бәрі білуі керек. Біріншісі – үйде жабылған саңырауқұлақ, ет, балық консервісін 15-20 минут қайнатып барып жеу керек. Күмәнді ыдысты мүлде ашпаңыз. Банкі ісінген, қақпағы көтерілген, ішінде бұлыңғыр, жағымсыз иіс болса – тастаңыз. «Дәмін көрейін» дегеннің өзі өлімге әкелуі мүмкін. Ал антитоксин туралы шындықты айтайын. Ол әр ауылдық ауруханада бола бермейді. Тапшы, қымбат, арнайы сақтауды қажет ететін дәрі. Ол облыстық қоймаларда, ірі ауруханаларда болады. Сондықтан біз антитоксин келгенше науқасты аппаратпен, күтіммен аман алып қалуға тырысамыз. Ең жақсы ем – ауырмау.

– Қызылша неге қайта өршіп кетті?

– Себебі біз ұжымдық иммунитетті жоғалтып алдық. Қызылша – өте жұқпалы ауру. Бір науқас 12-18 адамға жұқтырады. Оны тоқтату үшін халықтың 95%-ы екпе алуы керек. Ал соңғы жылдары «екпеден бас тарту» көбейді. Интернеттегі қорқынышты әңгімелерге сенген ата-аналар балаларына екпе салдырмады. Нәтижесінде вирус қайтадан еркін тарап жүр. Реанимацияға балалар көбінесе ауыр пневмония және мидың қабынуы – энцефалит сырқатымен түседі. Бұл – баланың болашағына әсер ететін өте ауыр жағдай. Сондықтан «ертеңге дейін күтейін деп едім» дегенді қою керек.

– Алты айға толмаған сәбиді қалай қорғаймыз?

– Алты айға толмаған сәбиге қызылшаға қарсы екпе салынбайды. Оны қорғайтын жалғыз жол айналасындағылардың бәрі екпе алған болуы керек. Анасы, әкесі, әжесі, аға-әпкесі. Ол үшін «кокон, яғни иммундық қорғаныс шеңбері» жасалуы тиіс.
Екпе алмаған баланың ата-анасына мен дәрігер ретінде емес, адам ретінде: «Сіздің балаңыздың қасында реанимацияда түні бойы отырдым. Оның дем ала алмай жатқанын көрдім. Сіз мұны көрмеңізші» – дегім келеді. Екпе – бұл 5 минуттық қорқыныш. Ал реанимация – апталап жан алып, жан беру.

– «Антибиотик ішсем, иммунитет көтеріледі» деген түсінік туралы не айтасыз?

– Бұл мені ең қатты алаңдататын сөз. Антибиотик иммунитетті көтермейді, керісінше, оны төмендетеді. Ол вирусты емес, бактерияны өлтіреді. Адам тұмау тигенде антибиотик іше береді. Нәтижесінде ағзадағы пайдалы бактериялар өліп, зиянды микробтар антибиотикке үйреніп алады. Содан кейін адам шынымен ауырғанда, реанимацияға түскенде, қиын болады. Себебі ол антибиотикке көнбейді. Антибиотик – бұл дәрігердің рұқсатымен ғана ішілетін «ауыр қару». Оны өз бетімен қабылдауға болмайды.

– Реанимацияға түскен жұқпалы науқастардың көбі екпе алмағандар ма?

– Өкінішке қарай, иә. Бұл – менің күнделікті тәжірибемде кездесетін жағдай. Қызылшамен, сіреспемен, дифтериямен түскен науқастардың басым көпшілігі – екпе алмағандар немесе екпесі толық емес адамдар. Екпе алған адам да ауыруы мүмкін, бірақ ол жеңіл өтеді. Ал екпе алмаған адамда ауру бірден ауыр түрге айналады. Оны күнде көріп жүрміз.

– Күз-қыс маусымында тағы неден сақ болу керек?

– Күз-қыста ботулизм мен қызылшадан бөлек, үш нәрседен сақ болу керек. Бірінші – тұмау және пневмония. Әсіресе қарттар мен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Екінші – менингококк инфекциясы. Ол өте жылдам дамиды. Таңертең баланың қызуы көтеріліп, кешке қарай реанимацияға түсуі мүмкін. Үшінші – ішек инфекциялары, әсіресе ротавирус. Балаларда сусыздану өте тез жүреді. Жалпы ереже – қолды жуу, бөлмені желдету, науқас адаммен жақын араласпау.

– Қандай жағдайда бірден «Жедел жәрдем» шақыру керек?

– Үйде жатып күтуге болмайтын 5 белгі бар. Бірінші – адам дем ала алмай, ентігіп жатқанда. Еріндері көгеріп, есінен танып, сандырақтап, ештеңеге жауап бермегенде. Дене қызуы 39-40-тан түспегенде. Баланың денесінде бөртпе пайда болып, оны басқанда кетпесе менингиттің белгісі болуы мүмкін. Соңғысы – құсу, су іше алмау, әсіресе көзге әрнәрселер қосарланып көрінсе – бұл ботулизмнің белгісі. Осы белгілердің бірі болса бірден 103-ке хабарласыңыз. «Таңертеңге дейін күтейік» деген сөз реанимацияда ең жиі естілетін өкінішті сөз.

– «Гуглдан қарап алдым» дейтін науқастар туралы не айтасыз?

– Ондай науқастар күн сайын келеді. Интернет – жақсы көмекші, бірақ жаман дәрігер. Адам «менде ботулизм емес, жай уландым» деп гуглдан оқып, үйде 2 күн жатып алады. Ал содан кейін ол бізге тыныс ала алмай, аппаратқа қосылатын жағдайда келеді. Ал антитоксин ерте салынса, әлдеқайда тиімді болар еді.

Гугл сіздің қан талдауыңызды көрмейді, тынысыңызды естімейді, тамыр соғысыңызды сезбейді. Сондықтан интернеттен диагноз іздеуді тоқтатқандарыңыз жөн. Ең дұрысы – дәрігерге ерте бару. Ерте келген науқасты құтқару әлдеқайда оңай. Қайталап, қорыта айтсам, ең қауіпті жау – уақыт пен немқұрайдылық.

Қызылша, ботулизм, менингит сияқты аурулар «бұрынғының дерті» емес, екпеден бас тарту мен сақтық шараларын елемеу оларды қайта оралтты. Антибиотикті өз бетімен ішу, «жай тұмау ғой» деп жүре беру, күмәнді консервінің дәмін татып көру – науқасты бірден жансақтау төсегіне алып келетін қателіктер. Екпе – 5 минуттық қорқыныш, ал екпесіз қалу – апталап реанимацияда жату. Алты айға толмаған сәбиді қорғаудың жалғыз жолы – айналасындағылардың бәрі екпе алуы. Есіңізде болсын: дем ала алмай қалу, ерін көгеру, бөртпе, тоқтамайтын құсу мен қосарланып көру – «таңертеңге дейін күтейін» дейтін белгілер емес.

– Оқырмандарды жұқпадан сақтандыру, уақыт өткізіп алудың қауіптілігі жайлы толыққанды берген жауабыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.