Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ОҚУШЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОЙЫН ЖАСАП ШЫҚТЫ

25 қараша 2024
САЯСАТ
ОҚУШЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОЙЫН ЖАСАП ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын әзірледі. Ойынның басты мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіріп, оған қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру.


Ойын квест форматында жасалған. Мұнда ойыншы өзіне жасырын агент немесе журналист рөлін таңдай алады. Сондай-ақ тергеуді кімге қатысты жүргізетінін де өзі шешеді: сот, прокурор немесе мемлекеттік қызметші. Ойын барысында ол әртүрлі эпизодтардан өтіп, жемқорлыққа қарсы әрекеттердің қыр-сырын меңгереді және ойын соңында жемқорлықты әшкерелейді.

Қазіргі уақытта ойын мектепте құқық негіздері сабағында тәжірибе ретінде қолданылып жүр. Автор болашақта бұл жобаны ұялы телефондарға арналған тегін қосымша ретінде үш тілде ұсынуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта Нұрали өткен жылы І республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауында жеңіп алған 1 000 000 теңге сыйақысын ойынды дамытуға жұмсаған. Сонымен бірге ойынның әр кезеңіне Абайдың қара сөздерін қосу арқылы оның рухани мазмұнын байытуды жоспарлап отыр. Бұл ойыншыларға шешім қабылдауда терең ой салуға бағытталған.

«Ойын Қазақстандағы нақты оқиғаларға негізінделген көркем роман форматында жасалған. Әр эпизодта Қылмыстық кодекске түсіндірме беріліп, оқушылардың құқықтық сауаты арттырылады. Ал ойын соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады», – дейді Нұрали.

«Сатылмайтын Алпамыс» – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға арналған ерекше жобаға айналды.

 

 

Қатысты жаңалықтар

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдрахманов Мақсат Мұхамедкәрімұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдрахманов Мақсат Мұхамедкәрімұлы

Бүгін, 14:21
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

Бүгін, 14:09
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Бүгін, 13:51
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Бүгін, 13:38
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Бүгін, 12:44

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.