Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аталы сөз иесі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ тарихында елдің сөзін сөйлеп, бірлік пен берекені ту еткен билердің орны айрықша. Осындай ел жадында есімі сақталған тұлғалардың бірі – Балпық бидің шәкірті, әділдігімен танылып, шешендігімен мойындалған Айту Жаубасарұлы. Көрнекті би-шешеннің туғанына 280 жыл толуына орай Қаратал ауданына қарасты Көкпекті ауылында тағылымы мол мерейтойлық шара өтті. 

Айту Жаубасарұлы небәрі 44 жыл ғұмыр кешкенімен ел жадында сақталған ғибратты сөздері қалды. Ол өз дәуірінде ел ішіндегі жер, жесір және ер дауы секілді күрделі мәселелерге төрелік айтып, әділ шешімімен халықтың құрметіне бөленген.

Шарада бабаның ел игілігі жолындағы еңбегі де айрықша аталды. Қаратал ауданының Құрметті азаматы Рақымғали Өтегеновтің айтуынша, Айту бидің халыққа сіңірген қызметінің бірі – егіншілікке қажетті суды жеткізу мақсатында Тентек өзенінің арнасын бұруға атсалысуы.

– Бабамыздың тағы бір ерлігі – ел игілігі үшін жасаған еңбегі. Құлжанбай Тоған деген кісімен бірге Құнанбай батыр келіп, Айту бимен ақылдасады. Мақсаттары – егістік алқаптарына су жеткізу үшін Тентек өзенінің арнасын бұру. Осы мәселе бойынша үшеуі Балпық биден кеңес сұрайды. Ақылдаса келе Тентек өзенін қол күшімен бөгеп, суды егістікке қарай бағыттайды. Осылайша елдің алғысына бөленген. Сонымен қатар Айту би шешендігімен, ділмарлығымен танылып, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы секілді күрделі мәселелерді әділ шешуімен халық жадында қалған, – дейді Рақымғали Өтегенов.

Мерейтойдың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Айбек Оңғаров құттықтау сөз сөйлеп, игі шараның ұйымдастырылуына, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Шара барысында Айту Жаубасарұлының тікелей ұрпағы Нұрман Желдібаев баба мұрасын ұлықтау мен тарихи сабақтастықты сақтау жайына тоқталса, ауданның Құрметті азаматы Жұмахмет Жайлаубай мерейтой иесіне қатысты жылы лебіз білдірді.

Мерейтой аясындағы тағылымды бастамалардың бірі Жұбан Молдағалиев атындағы орта мектепте жүзеге асты. Білім ордасында Айту би Жаубасарұлына арналған арнайы бұрыш ашылып, оқушыларға тарихи тұлғаның өмірі мен ел алдындағы еңбегін таныстыруға мүмкіндік жасалды.

– Мектепке Айту би бабамыздың бұрышын қоюдағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа өлкемізде өмір сүрген тарихи тұлғалар туралы кеңінен мағлұмат беру. Себебі ата-бабаларымыздың өмір жолын танып-білу арқылы оқушылардың туған жерге, Отанға деген құрмет сезімі артады деп ойлаймыз. Батырларымыздың қалдырған аманаты мен өнегелі істері арқылы жас ұрпақ елге қызмет етудің қадір-қасиетін түсінеді деп сенеміз, – дейді мектеп директоры Ерлан Дандыбаев.

Мерейтойдың мазмұнын спорттық бәсекелер де толықтырды. Ерлер арасында волейболдан және жасөспірімдер арасында қазақ күресінен турнир ұйымдастырылып, оған 200-ге жуық спортшы қатысты.

Волейбол додасында 8 команда бақ сынады. Нәтижесінде Бірінші Май ауылының командасы үздік шығып, I орынды иеленді. II орын «40+» командасына бұйырса, III орыннан Тастөбе ауылының командасы көрінді. Ал бозкілемдегі белдесуге 105 жасөспірім қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Осылайша Айту Жаубасарұлының 280 жылдық мерейтойы тарихи тағылым, рухани сабақтастық және спорттық бәсеке тоғысқан мазмұнды шараға айналды.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.