Көксу ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Бұл бастама тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырып, сайлау процесіне деген қызығушылығын қолдауға бағытталған.
Алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтар осындай жағымды тосынсыйға ие болды. Ұйымдастырушылар тұрғындарды белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырады.
«Жетісу-Ақпарат»






