Жетісу облысы Алакөл ауданына қарасты Достық ауылында мәслихат депутаттарын сайлау науқанына теміржол саласының қызметкерлері де қатысты.
Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Достық станциясының 80 қызметкері №69 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру рәсімінен өтті.
Бұл бастама еңбек ұжымының ел өміріндегі маңызды қоғамдық науқанға ортақ жауапкершілікпен қарап, азаматтық ұстанымын білдіргенін көрсетті.






