Қызылбалық ауылдық округіне қарасты Көпбірлік ауылындағы №160 сайлау учаскесінде мәслихат сайлауы таңертеңнен бері жалғасуда. Ауыл тұрғындары ерте тұрып, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда.
Таңғы уақыттың өзінде 150-ге жуық тұрғын дауыс беріп үлгерген. Бұл ауыл жұртының қоғамдық-саяси науқанға қатысуға деген белсенділігін көрсетеді.
Көпбірлік ауылының атауы айтып тұрғандай, мұндағы тұрғындар бірлік пен ынтымақты берік ұстанады. Бүгінгі маңызды күні де ауыл халқы ұйымшылдық танытып, ортақ іске жұмыла қатысуда. Әрбір азаматтың дауыс беруі – ел өміріне бейжай қарамай, азаматтық таңдауын білдірудің бір көрінісі.






