Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт Талдықорған қаласындағы №420 сайлау учаскесінде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
Ол жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың маңыздылығын атап өтіп, әрбір азамат дауыс беру арқылы қаланың дамуына, жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелердің шешілуіне және қоғамдық өмірге өз үлесін қоса алатынын жеткізді.
Сондай-ақ тұрғындарды азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
«Жетісу-Ақпарат»






