Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді. Ол Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде орналасқан № 389 сайлау учаскесінде таңдау жасады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы, Жетісу облысы аумағында 469 сайлау учаскесі бар. Олар жұмысын таңғы сағат 6-дан және 7-ден бастады, кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Өңірде тіркелген сайлаушылар саны — 442 056 адам.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер бойынша Жетісу облысында 14,24 пайыз. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, республика бойынша сағат 10:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31% дауыс берді.







