Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан облыстағы көзі тірі жалғыз ардагері Ысқақ Құсайынов мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, үйінде дауыс берді.
Ғасырдан асқан майдангер маңызды қоғамдық-саяси оқиғадан шет қалмады. Сайлау комиссиясының мүшелері Ысқақ атаның үйіне барып, дауыс беруіне барлық қажетті жағдайды жасады.
Ысқақ Құсайынов жауынгерлік жолымен ғана емес, ұстаздық қызметтегі көп жылғы еңбегімен де танымал. Ол саналы ғұмырын жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге арнап, жастарға білімі мен өмірлік тәжірибесін, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге үлес қосты. Ардагер талай жыл бойы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.






