Сарқан ауданы Қарабөгет ауылындағы №369 сайлау учаскесінде ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Сағатбек Мәслихат мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.
«Әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан дауыс беру құқығын пайдалану маңызды деп санаймын», – деді Сағатбек Мәслихат.
Аудан тұрғыны белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс беру рәсімінен өтті.
«Жетісу-Ақпарат»






