Алакөл ауданы Достық ауылындағы №96 сайлау учаскесінде Алакөл кеден бекетінің 30 қызметкері бірыңғай киім үлгісімен мәслихат депутаттарын сайлау үшін дауыс беруге қатысты.
Кеден бекеті қызметкерлері бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты. Өз таңдауларын жасау арқылы ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.
Әрбір дауыс – ел болашағына деген сенім мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі!
«Жетісу-Ақпарат»






