Бүгінгі маңызды саяси науқанда «КСРО дене шынықтыру үздігі», Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Қаратал ауданының Құрметті азаматы Жолдасбай Әлімбетов өз таңдауын жасады.
Ол Үштөбе қаласындағы №134 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Жастайынан футболмен айналысып, өмірін спорт саласымен байланыстырған ардагер аудандық спорт бөлімінің басшысы қызметін де абыроймен атқарып, өңір спортының дамуына өзіндік үлесін қосты.
Бүгінде ардақты азамат ел өміріндегі маңызды сәттен шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.
«Жетісу-Ақпарат»






