Талдықорған: +36°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТҮЙІНДЕР ТІНІ ТАРҚАЙДЫ

19.11.2024
ЭКОНОМИКА
ТҮЙІНДЕР ТІНІ ТАРҚАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданы туралы сөз бола қалса, қылтиып екі мәселенің құлағы көрінеді. Екеуі де – сақалды құрылыс. Бірі – Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйі, екіншісі – Қарабұлақтағы саябақ. Қанша жылдан мұрты бұзылмаған осы қос нысан болмаса, ауданда көңіл тояттайтын оңтайлы істер жүзеге асуда. Аудан әкімі тұрғындар сарғая күткен екі нысанның құрылысы алдағы жылда аяқталарын жеткізді. Сол үшін қарымды қарекет жасап жатқанын да жасырмады. Тілшілерге аудан тіршілігін саралаған Елдос Ахметов өркендеу мен өрістеуге бастайтын толайым тірлік пен тиянақты жоспарын баян етті.


Жалпы, Ескелді ауданының негізгі кәсібі – ауылшаруашылығы. Өнеркәсіп анау айтқандай, ішек тарттыратындай жағдайда емес. Дейтұрғанмен, жүйелі жұмыстың нәтижесінде соңғы жылдарда бұл саланың шекесі шылқымаса да қолайлы жағдайдың арқасында өндірістің тамырына қан жүгірген. Аты алысқа шаппаса да ауданның дамуына өз үлесін көрсетіп жүрген он шақты ірі кәсіпорын бар. Осының өзінде аудандағы өндіріс орындары 7482 млн. теңгенің өнімін өндірген. Аудан әкімінің жоспарына сай бұл көрсеткіш жыл соңына дейін былтырғымен салыстырғанда 104 пайызға жетпек. 

Негізгі салаға ойыссақ, ауа райының қолайлылығы мен диқандардың еселі еңбегі еш кетпес үшін қазір ауданда тынымсыз тіршілік. Мұндағы шаруалардың бір алаңы бар – тәтті түбірден алынған мол өнімнің далада қалу-қалмауы. Былтырғы қауіп биыл қант қызылшасы кейпінде бой көрсетпесе екен деген тілекте шаруалар. Аудан әкімі дала еңбеккерлерінің еңбегі еш кетпейтінін, қант қызылшасынан алынған әрбір түйнек өңдеу зауыттарына өткізілетінін жеткізді. Қалай дегенмен, тәтті түбір егілген 3062 гектарға төгілген тер мен есіл еңбек еш кетпейтінін жеткізді. 

Жалпы, ауданда 51,7 мың гектарға дән себілді. Оның басым бөлігі дәнді дақыл. Майлы дақыл болса 10,5 мың гектарға себілген. Бүгінде аудан шаруалары бар күш-жігерін қант қызылшасын жинауға бағыттаған. Қазір оның 79,7 пайызы жиналған. Ал дәнді және майлы дақылдар, бақша дақылдары түгел жиналып, қамбаға құйылған. Ауданда астық сақтайтын 61 қойма,    2 көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, аграрлы ауданда төрт түлік санында да өсім байқалады.

Қазір Ескелді баба атын­дағы ауданда құрылы­с қарқынды. Елдос Тұрсынбайұлының айтуынша, 2025 жылға дейін аудандағы 33 ауылдың 21 елді мекені көгілдір отынға қол жеткізуі керек. Қазірдің өзінде 7 елді мекенде газ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Келер жылы Қайнарлы, Жалғызағаш, Биғаш, Теңлік және Жеңдік ауылдарына желі тарту басталады.

 – Биыл аудандағы екі мектеп күр­делі жөндеуден өтті. Қоңыр және Шы­мыр ауылындағы білім ошақтары заман талабына сай жаңғырды. Сон­­­дай-ақ, М. Байысов ауылындағы ба­ла­бақша да күрделі жөндеуден, Н. Алда­бергенов ауылындағы бөбекжай ағымдағы жөндеуден өтті. Тұрғындардың әлеуметтік нысандарға сұранысын қанағаттандыруда блокты-модульді нысандар көптеп салынуда. Биыл жылдам әрі тиімді осы құрылыс материалымен Екпінді, Жаңалық, Ақешкі ауылдарында медициналық пункт, Қоңыр, Ақын Сара, Жалғызағаш және Қаратал ауылдарында Мәдениет үйі, Шымыр, Жетісу, Елтай ауылдарында спорт кешені салынуда. Біршамасы пайдалануға берілді. Негізі осы әлеуметтік нысандар жыл соңына дейін халық игілігіне ұсынылмақ, – деді Елдос Ахметов. 

Аудандағы әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту үшін 49 тұрғын үй салынуда. Одан өзге, 70 тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Әкімнің айтуынша, үйдің құны 17,6 млн. теңгеден және аумағы 60 шаршы метр болуы керек. 

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026
Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026
Дамудың жаңа кезеңі

Дамудың жаңа кезеңі

14.06.2026
Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.