Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Енді жоғалған затты тауып алған қазақстандықтар айыппұл төлеуі мүмкін

13 қараша 2024
САЯСАТ
Енді жоғалған затты тауып алған қазақстандықтар айыппұл төлеуі мүмкін
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде жоғалған затты тауып алған адам айыппұл арқалауы мүмкін. Олар енді күдікті ретінде ұрлық бабымен жауапқа тартылу қаупі бар. Сондықтан мамандар көшеде жатқан бөтеннің затын алмауға кеңес береді. Ал иесін табуға көмектесетін ниет болса, дәлел-дәйек жинау маңызды дейді. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көшеде немесе қоғамдық орында ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған жағдайда оны қай жерден, қалай тапқанын видеоға түсіріп алу керек. Содан кейін полицияға хабарласып, тәртіп сақшыларының келгенін күту керек.

Жоғалған ақшаны тапқан адамға «ұрлық» бабымен іс қозғалуы мүмкін. Заңгерлер мұндай жағдайлар кездескенін айтады. Мамандар смартфон тауып алған жағдайда иесі табылғанша өзіңізде сақтай аласыз деп отыр. Бірақ телефонды қосуға болмайды. Өйткені оның ішінде адамның фото-суреттері, банк қосымшалары мен жеке мәліметтері сақталады. Ол азаматтың жеке өміріне қол сұғу болып саналады.

“Көшеде немесе қандай да бір мекемеде зат, мүлік тауып алса, міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарға, полиция қызметкерлеріне хабарлауға міндетті. Ол затты өзіңіз пайдаланып кетсеңіз, полиция қызметкерлері сізден оны тапқан жағдайда айып тағуы мүмкін. Уақытында хабарламағаныңыз үшін күдіктіге айналасыз. Сізге сақтауға берсе, қолхатпен тапсырылады. Сонымен қатар, сақтау шығындарын да талап ете аласыз”, – деді заңгер Нұрболат Ибраев.

Егер тауып алған заттың иесі анықталса,  ол адамнан сыйақы сұрауға құқыңыз бар екен. Зат құнының 30%-ын қаражат түрінде ала аласыз. Азаматтық кодекске сәйкес полиция жоғалған заттың иесін жарты жыл іздейді. 6 айдан кейін табылмаса, тауып алған адам меншік құқығына ие болады. Яғни аталған затты өзіне қалдыра алады.

Фото: Polisia.kz

Қатысты жаңалықтар

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдрахманов Мақсат Мұхамедкәрімұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдрахманов Мақсат Мұхамедкәрімұлы

Бүгін, 14:21
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

Бүгін, 14:09
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Бүгін, 13:51
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Бүгін, 13:38
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Бүгін, 12:44

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.