Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

10.11.2024
ЖАНСАРАЙ
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әр адамның өмір жолында өзі үлгі тұтып, ерекше құрметтейтін тұлғалары болады. Менің өмірімде түп нағашым болып келетін филология ғылымдарының докторы, профессор Ғабдолла Қалиұлының орны ерекше. Ағатайым адамдармен қарым-қатынаста адалдығымен, ешқашан асып-таспаған ерекше бекзат болмысымен, ғылымға деген тазалығымен жадымда сақталып қалды.

Ағатайымның менің тұлға ретінде де, ғалым ретінде де қалыптасуымда алар орны ерекше. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетін тамамдағаннан кейін саяси ғылымдар саласы бойынша 1994–1997 жылдар аралығында аспирантурада оқыған кезімде сабақ арасында ағатайыма келіп, дидарласып кететінмін. Сол кездегі ағатайымның мейірімге толы жылы жанары, жан дүниесіндегі бауырмашылдық сезімі бар болмысыма шуақ құйып, ғылымға енді ғана қадам басқан менің бойыма күш-жігер мен сенімділіктің орнығуына зор ықпалын тигізген болатын.

Кандидаттық диссертациямды уақытында қорғап, біраз жылдардан кейін докторантураға түсіп, 2007 жылы докторлық жұмысымды сәтті қорғадым. Докторлық диссертациямды қорғаған күнгі «Біздің тұқымда менің жолымды қуған саған ризамын», — деген ризашылықпен айтқан сөзі әлі күнге дейін есімде. Адалдықты ту еткен ағатайымның артқан сенім үдесінен шығуға тырысып, бұралаңы мол өмір жолында жоғары білім саласындағы қызметімді абыроймен атқаруға тырысып келемін.

Сіз, әрдайым есімдесіз, Ғабдолла Қалиұлы! Сіз өнегелі өмір сүрген өр тұлғалы азаматсыз, қоғам қажеттілігін дөп басып, әрқашан үлгі-бағдар берген қайраткер тұлғасыз, барлық ағайын-туғанға қамқорлық көрсетіп, бағыт-бағдар берген жанашыр ардақты ағасыз, бүкіл саналы өмірі «мейірімге, ынсапқа, ақ пейілге, адал еңбекке» құрылған ұлағатты ұстазсыз, қазақ тіл ғылымына жанкештілікпен адал еңбек еткен ғұлама ғалымсыз.

Ғабдолла Қалиұлының өнегеге толы ғибратты өмір жолы қызыма да жұғысты болсын деп ырымдап, Тоғжанымның тұсауын ағатайыма кестіріп едік. Бүгінде қызым ағатайым жарты ғасырдан астам адал қызмет еткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі филология факультетінің екі шет тілі білім беру бағдарламасының магистранты.

Ғабдолла Қалиұлы Абай атындағы қарт ҚазПИ-ге алдымен аспирантураға түсіп, кейін ғылым кандидаты, доцент, ғылым докторы, профессор ретінде, біздің жоғары оқу орнының дәрісханаларында 60 жылдан астам уақыт бойына ұлағатқа толы ұстаздық еңбекпен тынбай айналысып, студенттерге тәлім-тәрбие берумен қатар, оларды білім нәрімен сусындатты. Бүгінгі таңда ғалым-ұстаздың мағыналы дәрістерін тыңдаған сан мыңдаған шәкірт республиканың түкпір-түкпірінде еңбек жолдарын жалғастыруда. Республика жоғары мектебімен біте қайнасып, ғибратқа толы ғұмыр кешкен Ғабдолла Қалиұлының өр тұлғасы жылдар өткен сайын шәкірттерінің ризашылығымен биіктей беретіні, ал мәртебесі аса түсетіні анық.

Профессор Ғабдолла Қалиұлы ұстаздықты ғылыммен ұштастыра отырып, қазақ тілі ғылымындағы қазақ әдеби тілінің тарихы, диалектологиясы, лексикологиясы, лексикографиясы салаларының ғылым ретінде қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Ұстаз-ғалымның артына мұра ретінде қалдырған ғылыми еңбектерінің жалпы саны 300-ге жетеді. Оның 30-дан астамы республикалық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдары, қазақ тілінің типтік оқу бағдарламалары, монографиялар мен сөздіктер, басым көпшілігі ғылыми мақалалар.

Ғабдолла Қалиұлы еңбек жолында  жоғары лауазымдық қызметтерді асқан жауапкершілікпен атқарып, партия ұйымының хатшысы, кафедра меңгерушісі, факультеттің Ғылыми кеңесінің төрағасы, оқу-әдістемелік бірлестігінің проректоры бола жүріп, ұжымның ұстаздар қауымына адалдық пен еңбекқорлық, қайсарлық пен табандылық тәрізді қасиеттерімен үлгі бола білді. Назар аударарлық маңызды мәселе, Ғабдолла Қалиевтің оқу-әдістемелік бірлестігінің проректоры болған кезі еліміз енді ғана тәуелсіздік алған кезеңге тура келген еді. Ғабдолла Қалиұлы алғаш рет 1996 жылы педагогикалық мамандықтар, ал 1999 жылы қосарланған мамандықтар бойынша республиканың педагогикалық ЖОО-да жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен әдістемелік құжаттарды ұлттық мүддемізге бейімдеп, жаңаша жасап, оны жетілдіруге тікелей ұйытқы бола білді.

Профессор Ғабдолла Қалиұлы 1977–1981 жылдар аралығында ҚР ҰҒА Тіл білімі институтында қазақ тілі және түркі тілдерінен кандидаттық диссертация қорғайтын кеңестің мүшесі, 1993–1996 жылдары Абай атындағы мемлекеттік университетте гуманитарлық пәндер бойынша педагогикадан докторлық (кандидаттық) диссертация қорғайтын кеңестің төрағасы, 1997–2002 жылдары филология және педагогика бойынша докторлық (кандидаттық) диссертация қорғайтын кеңестің төрағасының орынбасары, 2003 жылдан бері аталған кеңестің мүшесі қызметтерін абыроймен атқарды. Осылайша, ғұлама ғалым филология және педагогика ғылым салалары бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғайтын кеңестерді білікті басқарумен қатар, ғылыми-әдістемелік сала бойынша жас ғалымдарға жол көрсетуші ғылыми жетекші-кеңесші, оппонент және рецензент болып, мамандар дайындауға зор үлесін қосып кетті.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген халқымыздың даналық сөзінде тұжырымдалғандай, ағатайымның үлкенді де, кішіні де мойындата білген өзіне тән табиғи бекзат болмысы, өнегелі өмір жолы, кісілік келбеті, адамгершілік қасиеті, ізеттілігі мен қарапайымдылығы, шын мәніндегі білімдарлығы мен ұйымдастырушылық қабілеті, жоғары білім жүйесін басқару шеберлігі бүгінде ол кісінің көзін көрген әріптес ғалымдармен қатар, шәкірттерінің және барша ағайын-туғанның жүрегінде сақталып қалған.

Биік құрметке ие болған біртуар азамат, асыл жар, ардақты әке, ұлы жүректі ұстаз, қайраткерлігіне азаматтық адалдығы ұштасқан кіршіксіз таза педагог, филология ғылымындағы бірегей тұлға, халыққа танымал әрі тәжірибелі ғалым Ғабдолла аға Қалиевтің парасатты бейнесі мен артына қалдырған ғылыми мұрасы келер ұрпақпен бірге жасай берері анық. Асыл ағатайымның жарқын бейнесі, үлгі-өнегесі мен асыл қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып, біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Толқын ӘУЕЛҒАЗИНА,
саяси ғылымдарының докторы, доцент,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық мәселелер бойынша
департамент директорының орынбасары

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026
Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

02.02.2026
Бір ойын – бір ғұмыр

Бір ойын – бір ғұмыр

02.02.2026
Жас сарбаздар ант берді

Жас сарбаздар ант берді

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.