Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлеуметтік маңызы бар көпір

12.10.2024
КҮНДЕРЕК
Әлеуметтік маңызы бар көпір
WhatsAppTelegramFacebook

2022 жылы облыс бойынша 15 апаттық көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Биыл соның екеуі қолданысқа беріледі. Олар – Сарқан ауданындағы Лепсі өзені арқылы өтетін және Қаратал ауданындағы суару каналынан өтетін көпірлер.

Мұқан Төлебаев атындағы ауылдағы Лепсі өзені арқылы өтетін көпір кеңестік кезеңнен бері бар. Бірақ соңғы жылдары әбден тозығы жетіп, істен шығуға таяған. Көпір апатты жағдайда тұрғандықтан, облыс әкімімен кездесуде тұрғындар мәселені тез арада шешу қажет екенін айтқан. Себебі, бұл Мұқан Төлебаев, Шұбартүбек және Үлгі елді мекендерін орталықпен жалғастырып тұрған маңызды өткел. Халықтың сұранысы бойынша аймақ басшысы көпір құрылысын тез арада жөндеу қажеттігін сала мамандарына тапсырған. Осылайша халық үніне құлақ асатын мемлекет көпір құрылысының жұмысын жедел бастап кетті.

– Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойында орналасқан 15 апаттық көпірдің құрылыс жұмысы басталды. Өткен жылы Ескелді ауданының Бақтыбай, Кербұлақ ауданының Майтөбе және Көксу ауданының Жарлыөзек ауылдарында үш көпір салынып, қолданысқа берілді. Ал Сарқан мен Қаратал аудандарында тағы екеуінің құрылысы қараша айының соңына дейін аяқталады. Қалған 10 көпірдің құрылысы 2025 жылы басталады, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айдос Досжанов.

Жоба жұмысы 2023 жылдың маусым айынан басталды. Мұнда тапсырыс беруші «Жетісу облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Құрылыстың бас мердігері «ЖОЛ» ЖШС, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйым «Аймереке» ЖШС, жобалаушы «CRB Construction» ЖШС. Жобаның жалпы құны 947,5 млн. теңгені құрайды. Қазір жұмыс 35 пайызға орындалып, бірінші және төртінші тіреулерге монолитті бетон құрылысы аяқталған. Жаңа көпірде  жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы да жасалуда. Қазір құрылыс алаңында 25 маман, 13 техника жұмыс істеуде.

Мұқан Төлебаев атындағы ауылдың тұрғындары құрылыс барысын жіті қадағалауда. Сондықтан да мердігер жұмысты биыл аяқтауды жоспарлап отыр.

– Біз үшін бұл көпір – ең маңызды құрылыс. Оған ауылдың бүкіл өмірі тікелей байланысты. Осы көпірсіз облыстың басқа елді мекендерімен жол қатынасы мүмкін емес. Ал көршілес Шұбартөбек ауылының балалары соның бойымен мектепке келеді. 1969 жылғы ескі көпірдің тіректері мұз қату кезінде жарылған. Талай жыл қорқынышпен жүргенбіз. Енді міне, апатты көпір жөнделуде. Жаңа нысанның құрылысы ұзақ уақыт жүргізіледі екен. Ең бастысы, облыс әкімінің халық өтінішіне немқұрайдылық танытпағанына ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтамыз, – дейді жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікбол Шалтаев.

Қаратал ауданындағы Көкдала ауылында суару каналынан өтетін жаңа көпір салынуда. Ұзындығы 45 метр болатын өткелдің құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, қосымша ескі көпірді бұзу жұмыстары жүріп жатыр.

 

Еңлік КЕНЕБАЙ
Сарқан – Қаратал аудандары

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБАЕКОВ

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

09.08.2026
Азияда топжарды

Азияда топжарды

09.08.2026
Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.