«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізуде Талдықорған қаласының учаскелік полиция инспекторлары орталық базарда насыбай сатумен айналысатын үш арнайы орынды анықтады.
Тексеру қорытындысы бойынша «тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, полицейлер құқық бұзушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заңнама шеңберінде осындай әрекеттердің салдары мен жауапкершілігін түсіндірді. Мұндай сипаттағы іс-шаралар заңсыз сауданың жолын кесуге және қалада тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын насыбай секілді рұқсат етілмеген тауарлардың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған.
Айдар Қалиев
Фото: Zakon.kz





