Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЛМАЛЫДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

08.10.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЛМАЛЫДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың даңқты балуаны, Алаш жұртының мақтанышы Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаевтар дүниеге келген құтты мекен Алмалыда спорт кешені салтанатты түрде ашылды. Бақ дарып, қыдыр қонған қасиетті мекеннің тұрғындары тегіс жиналып, қуанышқа ортақтасты.


«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған спорт кешені 1343 шаршы метр аумақты алып жатыр. Жаңа нысанның құрылысына 1 млрд. 158 млн. 751 мың теңге бөлінген. Алмалылықтарды аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– Бірлігі мен берекесі жарасқан Алмалы ауылында спорт кешенінің бой көтергені үлкен қуаныш. Енді ауыл жастары алаңсыз замануи спорт нысанында еркін спортпен шұғылдана алады. Осындай мүмкіндік берген Мемлекет басшысына, облыс әкіміне және ауыл азаматы самат Ерғалиевке ерекше алғыс білдіреміз. Діл осы спорт кешенінде ауылдың, елдің атын шығаратын мықты спортшылар көптеп шыға берсін. Ауыл көркейіп, жастар жақсылыққа қадам бассын, – деді аудан әкімі.

Ауданның Құрметті азаматы Сәдуақас Садықов ауылдастарын құттықтаса, 77 жастағы ардагер спортшы, ауыл ақсақалы Серікбай Қабаев ақ батасын арнап, ғимараттың лентасын салтанатты түрде қиды. Ақ кимешекті әжелер тәттіден шашып, қуаныш еселенді.

Алмалы ауылыынң келіні, аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі Ләззат Етекбаева төрт немересін де спорттық үйірмелерге беретінін айтты.

– Біздің ауыл – берекелі ауыл. Үлкені де, жасы да спортпен айналысуға құмар. Алақандай ғана ауылдан мықты спортшылар шыққан. Болашақта бұл дара жолды жас ұрпақ жалғайтынына сенемін, – дейді.

Екі қабатты ғимарат құрылысын «Global Construction KZ» ЖШС жүргізген.  Аталмыш спорт кешенінде волейбол, баскетбол, бокс, күрес залдарымен шахмат, дойбы үйірмелеріне арналған бөлмелер қарастырылған. Сондай-ақ, сыртында кіші футбол, волейбол, баскетбол алаңдары да бар. 

Ауыл тұрғындары жаңадан салынған нысанның ішін аралап, қуаныштарымен бөлісті.

Темірлан ЖАЙЛАУБЕК,  11 сынып оқушысы

– Бокспен айналысып жүргеніме 7 жыл болды. Арманым көп. Болашақта Данияр Елеусінов сынды мықты боксшы болғым келеді. Сол ағалардың салған ізімен жүргім келеді. Қазір сабаққа да, спортқа да үлгеріп жүрмін. Мектеп бітірген соң Қазақс спорт және туризм академиясына оқуға түссем деймін. Болашақта мен де өзімнің бапкерім Дархан Бекболатов сынды шәкірттер тәрбиелеймін. Бізге осындай мүмкіндік берген, жаңа спорт кешенін салып берген ағаларға үлкен рахмет айтамын.

Ерлан САМАРХАНОВ, ауыл тұрғыны

– Соңғы жылдары еліміздегі ауылды жерлерде спортқа жақсы көңіл бөлінуде. Жалпы спортты дамытуды ауылдан бастаған жөн. Себебі чемпиондардың көбі осындай ауылды жерлерден шығатынына бір емес бірнеше рет көзіміз жетті. Өзім қол күрестен халықаралық дәрежедеі спорт шеберімін. Әрі ұлдарымды да салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп келемін. Бала кездерінен тұңғышымнан бастап кенжеме дейін жетектеп отырып, еркін күреске қатыстырдым. Бүгінде жақсы нәтижелер көрсетуде. Расында қазақтың туын көкке көтеріп, даңқымызды асқатататын осы біздің ұрпағымыз. Осы тұста жас спортшылардың болашағына жағдай жасап, ауылымызда спорт кешенін салуға атсалысақан әрбір азаматқа ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, өзім де балаларымның ел намысын қорғап, чемпион болуы үшін талмай еңбек етемін.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026
Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді: өңірлер тұрақты даму үшін нақты тетіктерге ие болады

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді: өңірлер тұрақты даму үшін нақты тетіктерге ие болады

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.