Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

8 қазан 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында елімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан үстел теннисінен XXVII Азия чемпионатының жалауы желбіреді. Чемпионатқа Азия құрлығының 26 елінен келген 210 спортшы қатысып жатыр.


Сары құрлық додасының ашылу салтанатына Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысып, байрақты бәсекеде өнер көрсететін спортшыларға сәттілік тіледі.

«Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионатының басталуымен барша спорт сүйер қауымды құттықтаймын! Қазіргі таңда елімізде үстел теннисіне ерекше көңіл бөлініп, бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді. Кейінгі бірнеше жылда жерлестеріміз халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Олардың қатарында үш Олимпиадада ел намысын қорғаған Кирилл Герасименко, әлем біріншілігінің жеңімпазы Алан Құрманғалиев және басқа да спортшыларымыз бар. Бұл чемпионат – біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл Азия үшін маңызды оқиға. Бүгін біз әлемнің ең мықты ойыншыларын қарсы алып, құрлықтағы үстел теннисі әлеуетін танытуға дайынбыз!» — деді ол.

Елордадағы біріншілікте әлемнің үздік ойыншылары, соның ішінде Олимпиада чемпионы Ван Чуцинь (Қытай), күміс жүлдегерлер Мива Харимото мен Миу Хирано (Жапония), сондай-ақ Олимпиаданың алтын жүлдегері Сунь Инша (Қытай) бақ сынайды.

Бұл сында ел намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпия ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы Анастасия Лаврова, миксте жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, сондай-ақ халықаралық турнирлердің жүлдегері Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева қорғайды.

Айта кетейік, үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты 13 қазанға дейін жалғасады. Жарыстар күн сайын 10:00-21:00 аралығында өтеді.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.