Талдықорған: +20°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАЗАҚСТАН-СЛОВАКИЯ БИЗНЕС ФОРУМЫ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

07.10.2024
ЭКОНОМИКА
ҚАЗАҚСТАН-СЛОВАКИЯ БИЗНЕС ФОРУМЫ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысы шеңберінде өткізілген Қазақстан-Словакия бизнес-форумы өтті. Іс-шара «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «SARIO» инвестициялар мен сауданы дамыту жөніндегі словак агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылып, қазақстандық және словак жетекші компаниялардың 80-нен астам өкілдерін жинады.


Форумның басты тақырыбы энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және білім беруді қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту болды. Форум жаңа мүмкіндіктерді талқылау және екі елдің арасында кәсіпкерлік қауымдастықтары арасында байланыс орнату үшін маңызды платформаға айналды.

Форумда қазақ тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Атамекен» ҰКП Қазақстанның сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Кәрімсақов, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ басқарманың төрағасы Аллен Шәйжүнісов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева және т.б. сөз сөйледі.

Словак тарапынан спикерлер ретінде Экономика министрінің орынбасары Владимир Шимоняк, «SARIO» бас директоры Роберт Шимончич және Словакия экспорттық-импорттық банкінің бас директоры Растислав Подгорец сөз сөйледі.

Пленарлық сессияны ашқан Р.Василенко форум ұйымдастырушыларына, қазақстандық және словак бизнес-қауымдастықтарына, сондай-ақ Ақмола облысының әкімдігіне екіжақты байланыстарды нығайтуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Ол бүгінгі форум Словакияның Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге деген терең қызығушылығын айқын көрсететінін атап өтті.

«Қазақстан өзара тиімді әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайын. Қазақстандық кәсіпкерлер тарапынан осындай елеулі делегацияның болуы біздің тарапымыздан елеулі ниеттер туралы айтады. Негізгі бағыттардың ішінде мен энергетика, өнеркәсіп, қорғаныс саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, сондай-ақ білім беруді атап өткім келеді. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанға словак инвестицияларының жалпы көлемі 21 миллион АҚШ долларынан сәл асады және алдағы жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай артатынына сенімдімін», – деп Министрдің орынбасары толықтырды.

Қазақстандық дипломат Словакияның су ресурстарын басқарудағы, стандарттау мен ядролық энергетикадағы озық тәжірибесін Қазақстанда пайдаланудың мүдделілігін атап өтті. «Kazakh Invest» басқарма төрағасының орынбасары М.Сұлтанбек форум қатысушыларына шетелдік инвесторлар үшін елдің тартымдылығын атап өтіп, Қазақстандағы инвестициялық ахуалға егжей-тегжейлі шолу жасады.

«Біз 1991 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 431 млрд доллардан асқан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялар үшін ең ірі алаң болып табыламыз. 2023 жылы біздің ЖІӨ 264 млрд доллар құрады. Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін салықтық жеңілдіктер мен оңайлатылған шарттар беретін 14 арнайы экономикалық аймақ бар. Словак компаниялар 200-ден астам дайын инвестициялық жобаны пайдалана алады және біз оларды өзара табысқа жету үшін ынтымақтастыққа шақырамыз», – деп басқарма төрағасының орынбасары атап өтті.

Форум соңында екі елдің өкілдері инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісті, сондай-ақ болашақта нақты іскерлік жобалардың негізін қалаған B2B форматында көптеген екіжақты кездесулер өткізді.

Жалпы, бизнес-форум Қазақстан мен Словакияның экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысын көрсете отырып, жаңа іскерлік байланыстар құруға және білім алмасуға маңызды қадам болды, бұл жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайында өзекті болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.