Сиднейде (Аустралия) өткен кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) жеңіліп көрмеген жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) 9-раундта нокаутқа түсірді.
Осылайша қазақ боксшысы орта салмақтағы чемпиондық белбеуін (IBF) қорғап қалды. Бұл оның төртінші рет қорғауы: осыған дейін британдық Дензел Бентлиді, канадалық Стивен Батлерді, неміс Винченцо Гуальтериді ұтты.
Жәнібек осыған дейін 14 шілдеде Лас-Вегаста Андреймен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда салмақ өлшеу сәтінде есінен танып, ауруханаға түсіп, жекпе-жек кейінге шегерілді. Әлімханұлы биыл бір кездесу өткізді, осының алдында 2023 жылы қазанда Винченцо Гуальтериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді.
Орта салмақтағы екі чемпиондық белбеудің иесі (WBO, IBF) 31 жастағы Жәнібек жалпы кәсіпқой бокста 16 кездесу өткізіп, оның 11 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.





