Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

САЯСИ ҮДЕРІСКЕ ҮН ҚОСЫҢЫЗ

28 қыркүйек 2024
КҮЛТӨБЕ
САЯСИ ҮДЕРІСКЕ ҮН ҚОСЫҢЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміз бірер жылда үлкен саяси өзгерісті бастан өткерді. Бірқатар реформа жүзеге асты. Қоғам талабына сай саяси жүйе түрленді. Сол үдерістер көшімен мемлекеттің тірегі саналатын халықтың пікірі мен пайымы бірінші қатардан көрінуде. Бұлай деуге толық негіз бар. Себебі, еліміз екінші мәрте референдум өткізбек. Ол кім, бұл не дүние емес, саяси жаңғырудың қоғам өміріне енгізген жаңалығын саралап көрелік…


Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар істерімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып кемеліне келтіріп, жүйелі жүргізе аламыз. Әрбір азаматқа өз ұстаным-пікірінің мемлекет үшін маңызды екенін түсінуге, өзін ортақ Отанымыздың бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының ұсынысымен алғаш рет жалпыхалықтық таңдау жасау арқылы Ата заңымызға өзгеріс енгізілді. Шыны керек, референдум жайдан-жай өткізілмейді. Онда талқыға қойылған мәселе жан-жақты қаралып, халықтың көпшілік дауыс беруі арқылы шешіледі. Яғни, халық өз еркін білдіреді. Мысалға, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын келтіруге болады. Бұл ел үшін мәселенің маңыздылығы мен даулылығы соншалық, оны тек парламентарийлердің қарауына қалдырмай, халық болып шешімін тапты. 

Жалпы, референдум өткізудің тәртібі әр елде әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы – оның ашықтығы мен әділдігі. Қаперде ұстайтын басты нәрсе – референдум бұл әр азаматтың өз елінің болашағына қатысты жеке көзқарасы мен еркін білдіру мүмкіндігі. Ата Заңымызда көрсетілгендей, елдің байлығы да, биліктің қайнар көзі де – халық. Ал, референдум халықтық биліктің бастауы десек болады. 

2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр стансысын салуға қатысты халықтың пікірін білу үшін Республикалық референдум өтеді. Көпшілікте «менің даусым маңызды емес» деген ой болуы ықтимал. Бірақ осындай референдумдар арқылы бір адамның ел тарихына ықпал ете алатынын нақты көруге болады.

Кез келген сайлау, референдум науқандарында дауыс берушіден бөлек, аталмыш саяси процестің бөлінбес бөлшегіне айналған тағы бір топ бар. Олар – бақылаушылар! Бақылаушылар дауыс берудің барлық заңдылығы сақталып, дауыс санау барысы бұрмалауға ұшырамай өтуін қадағалайды. Әлемде қалыптасқан тәжірибе сондай. Биыл референдум барысына партиялар мен түрлі халықаралық ұйымдардың бақылаушылары қатысады. Тәуелсіз бақылаушы ұйымдары да референдумның өтуіне өз бағасын береді. Сондай бақылаушылар тобының бірі – «Бақылау қырандары». Қозғалыс еліміздің бірнеше қаласындағы референдумды бақылап, әділ өтуін қадағаламақ.  

Маржан БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
«Бақылау қырандары» 
бақылаушылар тобы

 

Қатысты жаңалықтар

Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.