Жетісу облысының орталығындағы «Асыл» тұқым жауапкершілігі шектеулі серіктестігіұзақ уақыттан бері мал тұқымын асылдандырумен қатар жақында етті, сүтті бағыттағы сиыр өсіруді қолға алғанбелді шаруашылықтардыңбірі.
Осыған байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл аймақтағы «Асыл» тұқым орталығына арнайы барып, шаруа қожалығының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, істеліп жатқан істеріне табыс тіледі.
Орталық басшысы Мұхтар Бекенұлының сөзінше, бүгінде шаруашылық мал тұқымын асылдандырумен бірге сүтті,етті бағыттағымал өсіруге ден қойған. Қазір орталықта 140 бас«Алатау» асыл тұқымды ірі қара малы бар.Оның 80 басы сүт беріп тұрған сауынды сиыр. Халықты сапалы сүт өнімдерімен қамту мақсатында әр күні бұл сиырлардан 700 литрге дейін сүт алынып, қаладағы сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын ең ірі кәсіпорын «JLC» зауытына өткізді. Шаруа қожалығында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта сауын сиырды бұдан да көбейтіп, сүт алу бағытындағыжұмыстарды жандандыра түсу жоспарда.
– «Бұл шаруа қожалығының тарихы терең. Әкем Бекен Ерденұлы сонау кеңестік дәуірдің өзінде ірі қараны асылдандыру бағытында ғалымдармен тынымсыз еңбек етіп, оң нәтижеге жеткен. Ол кісі бүгінгі елдегі«Ақ бас», «Алатау» және «Әулиекөл» мал тұқымдарының сақталуына өзіндік үлесін қосты. Мен қазір әкем бастаған осы жұмыстарды одан әрі дамытуға ат салысудамын. Сонымен қатар, енді мен сүт бағытындағы мал санын арттырып, кәсіпорын көлемін ұлғайта түсуді жоспарлап отырмын», — дейді шаруашылық жетекшісі Мұхтар Ерденов.
Айдын КӘЛІМХАН





