Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«ШЕКПЕН ЖАУЫП ӨЗІНЕ ҚАЙТАРАМЫН»

19.09.2024
ЖАНСАРАЙ
"ШЕКПЕН ЖАУЫП ӨЗІНЕ ҚАЙТАРАМЫН"
WhatsAppTelegramFacebook

Шоқысы мен шыңына жыр ұялап, топырағы мен құмына саз біткен, өскіні мен өрісіне күй қонған қазақтың кең атырабында небір жайсаң жан ғұмыр кешкен. Кешегілерді қозғасаң сүлей Сүйінбай, жыр алыбы Жамбылдан тартып мұқым алыптың  бейнесі көз ұшында көлбейді. Бір ғана Жетісу топырағының өзінде ұлы музыка өнерінің мақпалын манатқа малған қаншама саңлақ терсіңді еңбек, тегеурінді екпінмен өмір сүрді десеңізші?!


Бүгінде сол ұлылардың ұрпағы болғанға мақтанамыз, шүкіршілік етеміз. Табанының табы, талантының ізі қалған медиенде жарық ғаламмен жанар суарғанымызға риза боламыз. Өз басым сайы мен бұтасына жыры мен сазы қатар қонған қасиетті Жамбыл ауданына қарасты Жаңақұрылыс деген шағын ауылда өмірге келдім. Сүйінбай мен Жамбыл туған топарақпен көз сүрттім, өнерге құштар болдым.

Саңлақтардың жолын қуу, алыптардың ізін жалғастыру әрбір баланың арманы болғандай, мен де қасиетті мекеннен шыққан ұлылардың тұғыры мен ғұмырына зейін қойдым. Солардай болсақ деген балаң ойды, балғын арманды мансұқтадым. Осылайша 1996 жылы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіне түсіп, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиевтің класынан дәстүрлі ән мектебі бойынша дәріс алдым. Одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов ағамыздан тәлім алдым. Содан бергі жылдарға көз салсақ өнер жолында қызмет етіп, облыстық іс-шаралардың басы-қасында болып, еліміздің түкпір-түкпірінде жеке концерттерімді бердім. Осы уақытқа дейін өнер жолында маңдай терімді бір адамдай төктім деп айта аламын.

Иә, рас,  өнер жолында жүргеніме де ширек ғасырға жуықтапты. Қазіргі таңда Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінде Жетісу ән-жыр мектебі бойынша дәріс беремін. Шәкірттерімнің алды Астана қаласындағы «Шабыт» өнер академиясын биыл бітірсе, Айсұлу, Аяулым сынды оқушыларым аталған академияда білім алуда. Сол секілді өзім ұстаздық ететін колледжде таланты мен талабы зор бірқатар шәкірттерім бар.

Дүниеде адам екі нәрсені бағалағанда ғана бақытты бола алатынын данышпандар айтып кеткені көзі қарақты оқырманға белгілі. Ол екі дүние – жастық пен уақыттың қадірі. Жастық шағымыздың көп бөлігінде өнер деп талаптандық, іздендік. Әр уақытты бабалардың мұрасын жүрекке қондыруға тырысып, тиімді пайдаланған секілдіміз. Соның нәтижесі болар, өнерпаз ретінде ел қошеметіне бөленіп, ұстаз есебінде шәкірт тәрбиелеп келеміз. Өз уақытында: «Туған жеріңнің әнін асқақтат, бабаларыңның мұрасын насихатта» деп кеңес берген Қайрат Байбосынов ұстазымның кеңесін өмірлік ұстанымға айналдырдым. Соның арқасында өз орындауымдағы ән-жыр, термелерді нотаға түсіріп кітап етуді қолға алдым. Жамбылдың немересі Әлімқұл Жамбылов, Есенқұл Жақыпбек, Жолдасхан Құрамысовтардың әндері (менің репертуарымдағы), жекелей композиторлардың мұралары, Көдек, Кенен, Жамбыл, Пышан секілді марғасқалардың туындыларын нотаға түсіру үстіндеміз. 

Кітап – мәңгілік мұра, ұрпақтың рухани ұстазы. Осы ретте аталған кітапты бабаларға қойылған рухани ескерткіш ғана емес, өскелең ұрпаққа, өнерге құштар шәкірттерге оқулық ретінде де ұсынуды басты мақсат еттік. Ешкімнің қолдауынсыз, жеке қаражатқа шығатын бұл мұраны да алдағы уақытта ел өз қажетіне жаратады деген үлкен үміттемін.

Шыны керек, адам болған соң жақсылығыңмен, қуанышыңмен бөліскің, еліңе еркелегің, шарапатын, шуағын сезінгің келеді. Біз әнші, орындаушы ғана емес, шәкірт тәрбиелеген ұстазбыз. 10 жыл жүзінде шығармашылықпен айналысып, Ес-ағама (Есенқұл Жақыпбек), ата-анама, қыздарыма ән жаздым. Сондықтан шығармашылықтың адамымын деп толыққанды айта аламын. Ендеше «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын», деп Мұқағали Мақатаев айтпақшы, бойға жиған қазынаны халыққа қайтарар кез келеді деп есептеймін.

Ләззат ЖАНАМАНОВА,
ҚР Мәдениет саласының үздігі,
Қ. Байсейітов атындағы саз 
колледжінің оқытушысы

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

04.02.2026
Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

04.02.2026
Тау шаңғысы: Скороходова мен Хохлов FIS турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

Тау шаңғысы: Скороходова мен Хохлов FIS турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

04.02.2026
Мәжіліс декреттегі әкелерге қатысты маңызды заңды қабылдады

Мәжіліс декреттегі әкелерге қатысты маңызды заңды қабылдады

04.02.2026
Биыл 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.