Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӨНІМ ҚАБЫЛДАЙ БАСТАДЫ

16.09.2024
ЭКОНОМИКА
ӨНІМ ҚАБЫЛДАЙ БАСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу, Ақсу қант зауыттары қант қызылшасының алғашқы өнімін қабылдауды бастады. Биыл облыста барлығы 615 мың тонна тәтті түбір өңделеді. Одан 67 мың тонна қызылша қантын және 30 мың тонна құрақ қант өндіру жоспарлануда. 


Көксу қант зауытының маусымдық жұмысының ашылу салтанатына облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев, Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов, «AMANAT» партиясы Көксу аудандық филиалының басшысы Мәлік Бейсенов қатысты.

– Биыл өңірде 13,7 мың гектарға қант қызылшасы егілді.  Өздеріңіз білесіздер, аймақта екі қант зауыты жұмыс істейді. Көксу қант зауыты 57 мың тонна қант, оның ішінде 27 мың тонна құрақ қант, Ақсу қант зауыты 40 мың тонна, оның ішінде 3 мың тонна құрақ қант өндіруді жоспарлап отыр. Көксу қант зауытына Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандарынан және Талдықорған қаласынан шикізат жеткізіледі. Сатып алу бағасы мемлекеттен 25 мың теңге, қант зауытынан 15 мың теңге, барлығы 40 мың теңгені құрайды, – деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев. 

Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатовтың айтуынша, кәсіпорын бір жұмыс күнінде 5-6 мың тонна шикізат қабылдауды жоспарлап отыр. Қант зауытының өндірістік қуаты 250 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Маусымдық жұмыста зауыт 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Олардың орташа жалақысы біліктілігіне қарай 150 мың теңгеден жоғары. 

Қаратал ауданының «Ерғазин» шаруа қожалығының жетекшісі Ақылбек Ерғазиннің айтуынша, әр гектардан 60 тонна өнім жинаған. «Біздің шаруашылықта қант қызылшасының егіс алаңы 14 гектар. Өнім жинау жұмыстары қолмен атқарылуда. Сол себепті күн сайын қосымша 40 адамды жұмыспен қамтудамыз. Қант қызылшасын өндіруді қолдау шаралары үшін мемлекетке алғыс айтамыз», – деді шаруашылық басшысы. 

       * * *

Сапалы қазақстандық қант шығару үшін Ақсу қант зауыты өз жұмысын бастады. Сарқан, Алакөл, Ақсу аудандардың шаруалары ала жаздай еккен тәтті түбірді зауытқа алып келді. Зауыт қоймалары шикізатпен толтырылып, жоғары сапалы өнім шығаруға тас түйін дайын. Қазіргі таңда қант қызылшасы мен құрақтан қант өндіретін желілері заман талабына сай жаңартылған. Шикізат қабылдау пункттері мен қоймалар ретке келтірілген. Отандық өнім өндіруге дайын зауыттың қуаты маусымына 450 мың тоннадан астам қант қызылшасын өңдеуге дайын. 

«АқсуҚант» ЖШС бас директоры Самат Нәдірбаевтың айтуынша, биылғы өнім былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. 
– Қант қызылшасын егу үшін мемлекет тарапынан шаруаларға барынша қолдау білдірілуде. Шикізатсыз қаламыз деген қорқыныш бізде жоқ. Шаруалар алып келген шикізат зауыттың 6-7 ай үздіксіз жұмыс істеуіне жетеді. Жалпы, жергілікті халықтың 500-550 адамын жұмыспен қамтамасыз етеміз. Ақсу қант зауыты қызылшаны сақтауға және өңдеуге толық дайын. Кәсіпорында барлық профилактикалық және дайындық жұмыстары жүргізілген. Жансүгір кентінде орналасқан зауытқа Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының аграрлық құрылымдары қант қызылшасын жеткізеді, – дейді зауыт басшысы.  

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжановтың айтуынша, аудандағы 110 шаруа қожалығы биыл 3 мың 200 гектар жерге қант қызылшасын еккен. Қазір өнімді жинау жұмысы қызу жүріп жатыр. Тәтті түбірдің орташа өнімділігі гектарына 350-400 центнерден айналуда. 

Дәл осы күні зауытқа Сарқан ауданына қарасты Бақалы ауылынан «Божалақова» шаруа қожалығы шамамен 100 тонна тәтті түбір алып келді. Шаруашылық былтыр 15 гектар жерге қант қызылшасын ексе, биыл көлемін 20 гектарға ұлғайтқан. Шаруашылықтың өкілі Тоқтарбек Төлепбеков қазір субсидиялар жақсы берілгенін айтты. «Қант қызылшасын егудің қыры мен сырын жетік меңгеріп алдық. Су жеткілікті. Қажетті минералды тыңайтқыштар да уақытылы берілді. Тіпті арзандатылған жанар-жағармайды да әкімдік тарапынан  алдық. Мемлекеттен барлық қолдау болғандықтан қызылша өндірісін арттырдық. Сондықтан бізге қант қызылшасын егіп, көбейту айтарлықтай ауыр болған жоқ. Биылғы өнім өте жақсы шықты деп айта аламыз. Енді ауа райы ашық болып, астықтың бәрі ысырапсыз жиналса деген тілек қана бар», – дейді 77 жастағы ақсақал.  

Жалпы, облыста қант өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы қант қызылшасының егіс көлемі бірден екі есеге ұлғайтылды. Облыс бойынша 597 шаруа қожалығы тәтті түбір өсірумен айналысса, оның ішінде 193 шаруа қожалығы Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында орналасқан.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Еңлік КЕНЕБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Сауатсыз бала неге көбейді?

Сауатсыз бала неге көбейді?

08.08.2026
Есеюдің жасы бар ма?

Есеюдің жасы бар ма?

08.08.2026
Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026
Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.