Талдықорған: +29°C
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін

12.09.2024
КҮЛТӨБЕ
Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу таяқ тастасаң тал болатын құтты мекен. Ауданның агро саласында толымды тірлік көп. Ырыс пен береке қайнаған шақта диқандардың қауырт еңбекке кірісетін кезі. Қазіргі таңда еңбегімен ері, өнбегімен жері сыйлы болған «Жалайыр» шаруа қожалығының толымды тірлігін көзбен көріп, мол тәжірибесі бар шаруашылық тынысына қанығып қайттық.

Уақытпен санаспайтын еңбек адамының күнделікті күйбең тіршілігі таңмен таласа басталады. «Әке көріп, оқ жонған» Ескендір Жайлығұлов 2014 жылдан бастап шаруашылыққа басшылық жасап, жұмысын ширатқан. Бүгінде шаруа қожалықтың ісі алға өрлеп, жаңа заманның талабына сай техникалармен толыққан.

– «Жұмыс жоқ. Ақшадан тарылып жатырмыз» дейтін адамдарға таңғаламын. Халқымыз «қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды» деп текке айтпайды. Сондықтан еңбек еткен адамның несібесі тарылмайды. Біз қашанғы мемлекетке алақан жаямыз? Егер бір істі бастайтын болсақ, мемлекет тарапынан міндетті түрде қолдау болатынын ұмытпағанымыз жөн. Ең бастысы адамның еңбек етуге деген ниеті болса болғаны. Мысалы, бізге шаруашылықтың тасын өрге домалату оңай болған жоқ. Ісің оңға басқан сайын көңілің жайланып, еңбегіңді еселей бергің келеді ғой. Бір жылдары қант қызылшасы да, сәбіз де шықпай шығынға ұшырап қалғанымыз бар. Бірақ қасиетті Жер Ананың ырысы берекелі болатына сеніп, келер жылы тағы да тәуекел еттім. Одан жаман болмады», – дейді шаруа иесі.

Жылқы, сиыр, қой өсіріп, қант қызылшасын, сәбіз, картоп еккен азамат 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Дақылды егіп, өсіріп қана қоймай, одан мол өнім алудың жай-жапсарын терең меңгерген. 8 жыл үзбей қант қызылшасын еккен шаруа иесі. Былтыр 70 гектар жерге қант қызылшасын ексе, биыл 120 гектарға жеткізген. Қант қызылшасына қажетті техниканың барлығын толықтырған. Себебі, бұрындары техниканың жетіспеушілігінен өнім қардың астында да қалып қалған кездері болған. Көз алдында еңбегі еш кеткендіктен, шаруа иесі германиялық дән сепкіш, 6 қатарлы комбайн, трактор сынды заманауи техникалар алған. Қант қызылшасын көбейту мақсатында «Тәтті түбір» қызмет көрсетуге дайындық орталығын ашқан. Қазіргі таңда орталықта 4 шаруашылық бар.

– «Еңбектің наны тәтті» деген тәмсіл бар. Осы фермада 9 жылдан бері жұмыс істеп отырмыз. Отағасы Еркін Жұмай екеуміз несібемізді осы шаруашылықтан тауып келеміз. «Ас – адамның арқауы» дегендей, аспаз болып еңбек етемін. Тағам дайындау – мамандық емес, ол – өнер. Оған еңбек, ынта-ықылас пен шеберлік, жігер және талап керек. Бір мезетте 15-20 адамға тамақ дайындап, олардың алдына ыстық нанын қойып, шайларын ұсынып отырамын. Егін науқаны кезінде жұмысшыларға екі мезгіл тамақ жасаймын. Адал азаматқа біз жұмысшылар да адалдық танытамыз. Әр жұмысшының еңбегін ерекше бағалап, жағдайымызды жасап, тұрақты ақымызды беріп отырған Ескендір Ғабитұлына алғысымыз шексіз, — дейді «Жалайыр» шаруа қожалығының аспазы Гүлнар ӘУЕН.

 

Қамбаны дәнге толтыру үшін аянбай еңбек еткен диқан қауымы, яғни жүргізуші-механизаторлар мен звено жетекшілері, сушылардың еңбегі ерен. Биыл 17 гектар сәбіз еккен шаруаға арнайы сақтау қоймасы да берілген. Тынымсыз тірлік еткеннің мерейі қашанда үстем. Осыны білетін шаруалар қажырлы жұмыс істеуде. Бүгінде сол берекелі іс тоқтаған жоқ, тіпті жыл өткен сайын жанданып жатыр.

– Шыны керек, бала кезімізден еңбекке араласып өстік. Атам да, әкем де  еңбекпен есейген. Мен де сол мектептің түлегі ретінде жұмыстан қашқан емеспін. Сондықтан, несібемді осы саладан таптым. Науқандық жұмыс болғанына қарамастан ерінбеген адамға табыс табуға мүмкіндік мол. Бүгінде еккен егіннің шығымы жаман емес. Уақытылы минералды тыңайтқыш бердік. Мал шаруашылығы атадан қалған кәсіп қой. Сондықтан, шама келгенше төрт түлікті түгендеп, қора-қопсыны қамдап жатқан жайымыз бар. Әсіресе, ірі қараның жайы жақсы бізде. Алдағы уақытта ірі қара, ұсақ мал санын арттырып, екі саланың жұмысын қатар алып жүрсек деген жоспар да жоқ емес, – дейді Ескендір Ғабитұлы. 

Еңбекті кірістің көзі, ырыстың өзі деп ұғынатын «Жалайыр» шаруа қожалығы басшысының алға қойған арманы көп. Олай болса, адал еңбекпен адал нан тапқан азаматтың ісіне береке тілейміз. 

 

Еңлік КЕНЕБАЙ

Көксу ауданы  

 

 

Қатысты жаңалықтар

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

17.06.2026
Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

17.06.2026
«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

17.06.2026
Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

17.06.2026
«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

17.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.