Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Ішкі істер министрлігі қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады

11 қыркүйек 2024
САЯСАТ
Ішкі істер министрлігі қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады
WhatsAppTelegramFacebook

Ішкі істер министрлігі еліміздегі барша ата-анаға үндеу жасады. 

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Құрметті ата-аналар! Биылғы жылдың сегіз айында полиция есірткі таратуға қатысқаны үшін 30 кәмелетке толмаған баланы ұстады. Есірткі жасырумен айналысатын 14 жастағы жасөспірімдер де кездеседі. Олар есірткі қылмысының жекелеген түрлері бойынша ересектермен бірдей қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Полиция қызметкерлері барлық оқу орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері 725 мың адамды қамтитын 9738 түрлі профилактикалық шара өткізілді. Басты назарда жоғары сынып оқушылары және ата-аналарынан жырақта тәуелсіз өмірді бастаған 1-2-курс студенттері.

Полиция көбіне болып қойған фактілермен жұмыс істейді. Ал ұсталған жасөспірімдер үшін құқықтық салдар туындайды. Осыған байланысты біз сіздерді балаларыңызбен олардың барлық әрекеттерінің құқықтық салдары туралы сөйлесуге шақырамыз. Жасөспірімдердің өміріне барынша қатысыңыз. Егер олар заңсыз әрекетке тартылса, сізге айтудан қорықпауы керек. Балаларыңыздың ортасын біліп, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылауыңыз қажет.

Жасөспірімнің заттарындағы кез келген дәрі-дәрмек қаптамаларына, фольгаға, шыны түтіктерге, тамшуырларға назар аударыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады.

Егер жасөспірімнің үлгерімі күрт төмендеп, сабаққа бармауы артып, қарым-қатынас айналасы өзгерсе, бұл ата-аналардың күдігін туғызуы тиіс. Есірткіні қолданудың жанама белгілері көңіл күйдің жиі өзгеруі, ашуланшақтық, апатия болуы мүмкін.

Жасөспірімнің есірткі таратумен айналысатынының тағы бір белгісі – көп ақша, қымбат заттарды сатып алуы. Егер баланың телефонында, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, есірткі жасырылған жерлердің фотосуреттері, үй қабырғаларында, стендтеріндегі басқа да жазбалар болса, бұл да күдік туғызуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал қылмыстардың жекелеген құрамы бойынша 14 жастан басталады, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Бүгін, 20:26
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.