Көшпенділер ойынында қазақ күресінен өткен аса ауыр салмақтағы финалдық кездесуде «Қара бура» лақап атымен жақсы таныс Нұрдәулет Жарылғапов өзбек балуаны Мұқсын Қисмоудиновты соңғы секундта тазаға түсіріп, жеңіске жетті.
Өз сөзінде Нұрдәулет Жарылғапов құрамаға іріктеу жүргенінде електен өтіп ел намысын абырйомен қорғағанына риза екенін айтты.
Серік ҚАНТАЙ
Сурет автордікі





