Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрігі қызып тұр. Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының қатысқан барлық спортшысы финалға шықты.
Жарысқа 9 мемлекеттен 64 спортшы қызығушылық танытып қатысқан. Қырғызстан, Өзбекстан, Соның ішінде Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресейдің спортшылары арасында Қазақстанның аударыспақ құрамасы финалға суырылып шықты.
Фото: коллаж El.kz





