Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

КӨШПЕЛІ ЖҰРТТЫҢ ЖАУҺАРЫ

9 қыркүйек 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
КӨШПЕЛІ ЖҰРТТЫҢ ЖАУҺАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әр жұрттың өзіне тән ерекшелігі соған сай спорттық ойыны, мәдениеті мен әдебиеті бар. «Астана Аренада» өткен V  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты осы бір өзгешелікті көрсетіп, қазақтың өткені мен бүгінін байланыстыра отырып сән-салтанатпен, тамаша қойылым арқылы көрерменге жеткізе білді. Шараға әр мемлекеттің басшылары қатысып, сап түзеп шеруге шыққан спортшыларды қол бұлғап қарсы алып, артынша лебіз-тілегін айтты.


— Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен, олар жаһандыө даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды. Көшпенділердің ұлы көші ешқашан тоқтамайды. Мыңдаған жылға жалғасқан осы көш қазір басқаша сипатқа ие болды. Көшпенді өмір салты қайта жаңғырды. Жаһандану дәуірінде ешқандай шекара жоқ. Бір сөзбен айтсақ, қазір заманауи көшпенділер пайда болды. Біз білім алу, жұмыс істеу үшін қоныс аударамыз, басқа елдерге саяхат жасаймыз. Бұл дәуірде біз еркіндік рухын сақтай білуіміз керек. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіру қажет. Біз даңқты көшпенділердің мұрагеріміз, батыр бабалардың ұрпағымыз. Олар ел мен жерді қорғап ұлан ғайыр даланы бізге аманат етті. Осы қастерлі мұрғаны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау бәрімізге ортақ парыз ,- деді өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Мінберде тұрып ашылу салтанатына арнайы келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғыз президенті Садыр Жапаров, Түркіменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының райсы Рустам Минниханов, Саха республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның ІІІ президенті Энхбаяр Намбарын, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанға алғыс айтты.  

   Әр спорттық жарыстың қалыптасқан дәстүрі бойынша ашылу салтанатында делегациялар шеруі өтті. Алдымен Қырғызстан құрамасы, одан кейін ағылшын әліпбиі бойынша өзге құрамалар шықты. Ашылу салтанатында 30 мың адамға арналған «Астана Аренада» орын болмады. Есімі әлемге жақсы таныс Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Киелі мекен» әнін орындады, артынша Роза Рымбаева, Қуандық Рахым, Әли Оқапов сынды әншілер өнер көрсетті. Екі сағат бойы үш мың өнерпаздың қатысуымен, заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылған ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетілді. Концепциясы – көшпенді қазақ өркениетін, дәстүр салтын,табиғат анамен үгдестікті бірнеше сағатта әлем жұртына паш етті.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған ашылу салтанатында «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға Қазақстан елордасы Астана қаласына ат басын бұрғаныма өте қуаныштымын. Бұл шара тек дәстүрлі спорт түрлерін біріктіру үшін ғана емес, әлемге ортақ мәдени мұрамызды сақтап қалуға және оны болашақ ұрпаққа табыстауға бел буғанымызды көрсететін маңызды оқиға. Қазақстан көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға көп күш жұмсады. Бұл қазақ халқының күш қуатын, дәстүрге деген адалдғын айқын көрсетеді» дей келе Мемлекет басшысы мен дүбірлі доданы ұйымластыруға атсалысқан жандарға алғыс айтты.  

Алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында (10 спорт түрі бойынша 19 елден 583 спортшы қатысты) өтті, одан кейін де дәл осы жерде екі рет (2016 жыл – 26 спорт түрінен 62 елден 1 200 спортшы; 2018 жылы  37 спорт түрі бойынша 82 елден 2 000 спортшы) болды. Ал 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткен Көшпенділер ойынындық  13 түрі бойынша 102 елден 3 000 спортшы сынға түсті. Анадолы елінде өткен жарыста Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль алды. Сол жылы Көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан құрамасы жеңімпаз болды. Финалдық ойында Қырғызстан құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Одан бөлек, қазақ күресінен 60 келіде Марат Нығматуллаев, 65 келіде Зарина Сарипова чемпион атанды. Бұл нәтиже биылғы жарыста жақсарады деген сенімдеміз. Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, алтын күнге созылатын биылғы жарысқа 89 елден 2,5 мың қатысушы тіркелген. Жарысқа 560 спорттық ат, 45-ке жуық құс түспек. Қатысушылар 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салады. Оның ішінде көкпар, күрес, садақ ату, арқан тартыс, құсбегілік, жамбы ату, бәйге, асық ату, аударыспақ ойындары бар. Жалпы медаль саны – 581. Жарыстық жалпы жүлде қоры – 250 миллион теңге. Қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақ үй мен 331 көлік қарастырылған. Медициналық штабта 150 медициналық қызметкер, 23 ветеринар жұмыс істейді. 1 300 ерікті қызмет атқарады. Сондай-ақ, БАҚ-қа арланған аккредитацияға жалпы 64 елден 1 185 өтінім түскен.   Ойындар Астанадағы алты кешенде өтеді. Олар – «Думан» қонақ үйі, «Қазанат» ипподромы, этноауыл, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. «Алау» мұз ауыдыны және «Астана Арена».

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.