Талдықорған: +20°C
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ 108 ӘДЕП ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ МЕНТОР ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

04.09.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ 108 ӘДЕП ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ МЕНТОР ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың барлық аудан орталықтарындағы және Текелі қаласындағы мектептерде жаңа оқу жылынан әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар жұмыстарына кірісті. Еске салсақ, бұл жоба пилоттық режимде өткен оқу жылында Талдықорған қаласында, жаңа жылдан Панфилов ауданында басталған болатын. Осылайша жоба тұтас облысты қамтып отыр.


Әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар бүгінгі заманғы өзекті мәселелерді ескере отырып, 9 бағытта, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, нашақорлықтың, лудоманияның, суицидтің, буллингтің, кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу бағыттарында жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ шығармашылық ойлауды және қаржылық сауаттылықты арттыру т.б. бағыттарға ерекше назар аударылады.

Жаңа оқу жылында іске кіріскен 40 ментордың қатарында жас маман Саян Нүсіпжанов та бар. Ол бұған дейін құқық қорғау саласында жұмыс істеген. Жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты жаңа жоба қолға алынғанын естіген жас маман Көксу ауданы Балпық би ауылындағы Қадырғали Жалаири атындағы мектеп-гимназиясының менторы болуға ниет білдірген.

— Жаз бойы басқа да мамандармен бірге дайындықтан өтіп, психология бағытындағы семинар-тренингтерге, сол сияқты Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдерінің оқыс жағдайларда қалай әрекет етуді үйрететін сабақтарына қатыстық. Сонымен бірге өткен жылдан бері менторлықта  жұмыс істеп келе жатқан мамандар тәжірибе бөлісті. Бұл оқушылармен нәтижелі жұмыс істеуімізге, бүгінгі заманғы өзекті мәселелерді тиімді шешуге өзінің оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын, — дейді С. Нүсіпжанов.

Бүгін 7 сынып оқушыларына алғашқы таныстық сабағын өткізген С.Нүсіпжанов балаларға ментор дегеннің кім екенін, оның немен айналысатынын түсіндіріп, өзіне кез келген өмірлік жағдайларға қатысты жүгінуге болатынын жеткізді.  

Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаевтың айтуынша, қазіргі кезде өңір мектептерінде 108 ментор жұмыс істейді.

— Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен өткен жылы Талдықорған қаласының, ал жыл басынан бері Панфилов ауданының мектептерінде әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлық пилоттық жобасы басталған болатын. Бұл жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Мәселен, Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес аталған өңірлерде жасөспірімдер қылмысы 4 есеге төмендеген. Осыған байланысты биылғы жаңа оқу жылынан бастап барлық аудан орталықтары мен Текелі қаласындағы мектептерге де ментор мамандарды енгізу туралы шешім қабылданды. Қазір менторлар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстарына кірісті, — деді І. Түстікбаев.

Менторлық жұмысқа педагогтар, психологтар, заңгерлер, құқық қорғау органдарының ардагерлері, журналистер т.б. мамандық иелері тартылды. Олар менторлық қызметке әңгімелесу түріндегі іріктеу конкурсынан өтіп, қабылданды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

18.06.2026
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

18.06.2026
Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

18.06.2026
Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

18.06.2026
Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

18.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.